Аймақтар • 11 Ақпан, 2019

Мәжіліс депутаты ШҚО-ның шалғай ауылдарындағы тұрғындармен кездесті

428 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясы жетекшісінің орынбасары, Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов Шығыс Қазақстан облысында сайлаушылармен кездесті. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәжіліс депутаты ШҚО-ның шалғай ауылдарындағы тұрғындармен кездесті

Депутат Аягөз ауданының Малкелді, Баршатас, Өркен, Бозай, Шыңқожа ауылдарында және Аягөз қаласында, Үржар ауданының Үржар, Қаратума, Көкөзек, Науалы, Келдімұрат, Мақаншы, Қаратал ауылдарында, Абай ауданының Қарауыл, Кеңгірбай би, Құндыз ауылдарына барды.

Нұртай Сабильянов ауыл тұрғындарына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауының, Президенттің бес әлеуметтік бастамасының, «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы ақпарат берді. Сонымен қатар депутат сайлаушыларға Парламент депутаттарының заң шығару қызметі туралы айтты.

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары өз кезегінде денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру салаларындағы, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, тұрғын үймен, Интернет байланысымен қамтамасыз ету, автожолдарды жөндеу және басқа да мәселелерді көтерді.

Сайлаушылардың қойылған барлық сұрақтарына депутат жауап берді.

Сондай-ақ, Аягөз қаласында депутат медицина қызметкерлермен, білім беру қызметкерлерімен, құқық қорғаушылар органы өкілдерімен жеке кездесулер өткізді. Сонымен қатар Нұртай Сабильянов Аягөз қаласында жастармен, ал Үржар ауданының Науалы ауылында Балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті.