Түркі дүниесінің толағай тұлғасы

Ол қазақ даласының ежелгі өркениеті мен мәдение­тіне айрықша ғашық болыпты. Содан болар өмірі­нің соңғы сәтінде әкесі: «Балам, біздің түбіміз қып­шақ. Сен қазақ тілін үйрен, тұтас түркі әлемінің мәдениетін игер» деп өсиет қалдырыпты. Әке аманатына адалдық танытып, тарихқа тамыр жайған Ұлы дала мұрасын зерттеуді мұрат тұтқан ол саналы ғұмырын түбі бір түркі әлемін тоғыстыруға сарп етті. Өткен шақтың парағын аударсақ, елуге толар-толмас шағында дүниеден озған белгілі түрколог, қыпшақтанушы ғалым Иштван Қоңыр Мандокиды қазақ халқымен байланыстыратын құндылықтарды көптеп кездестіреміз. Айтулы ғалымның 75 жылдығына орай Халықаралық Түркі академиясының ұйытқы болуымен Алматы төрінде екі күнге жалғасқан халықаралық конференцияда Мандокидың ғылымдағы дара жолы, азаматтық қыры кеңінен айтылды.

Егемен Қазақстан
12.02.2019 1608
2

Алыс-жақын шет мемлекеттерден келген дипломаттар мен қоғам қайраткерлерінің, ғалымдар мен зия­лы қауым өкілдерінің басын қосқан ғылыми конференцияның тақыры­бы да өзгеше. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын­да айтылған бастамалар­ды жүзеге асыру аясында қолға алынған игі шара «Ұлы дала және Мандоки мирасы» деп аталған. Сөз басында тілге тиек еткеніміздей, бірнеше халықтың тілін ғана емес, мәдениеті мен дәстүрін жетік меңгерген Мандокидың ізденіс­терге толы айшық­ты ізі қазақ даласында да сайрап жатыр. Халықара­лық Түркі академиясы­ның президенті Дархан Қыдырәлі, Алтайдан Ана­долы­ға, Балатоннан Байкалға, Кавказ­дан Қаратауға дейінгі алқапты шарлап жүріп артына телегей-теңіз тағылым қалдырған Мандоки мұрасы – Ұлы дала мәдениетімен астасып, сабақтасып жатқанын айтады. Академия жыл сайын ғалымның туған күнінде оны еске алу шараларын үзбей ұйымдастырып келеді. Соның бірі осыдан бес жыл бұрын елорда төрінде ғалымның 70 жылдық мерейтойына орай «Мандоки Қоңыр Иштван мұрасы: Ұлы далада ұрпақтар үндестігі» атты халықаралық деңгейдегі форум өтіп, осы шара аясында Мандокидың 16 мың кітаптан тұратын рухани мұрасы Түркі академиясына салтанатты түрде тапсырылып, оның атында кітапхана ашылған болатын. Ғалымның құнды еңбек­терін әлем тілдеріне аударып, кітап етіп шығару ісінде де ауқымды жобалар қолға алынған. Академия басшысы бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табатынын жеткізді.

Еске салсақ, былтыр Мажар­­стан Түркі Кеңесіне және Халық­ара­­лық Түркі ака­демиясына бақы­лау­­шы мәртебеге ие болған еді. Кон­фе­рен­ция­ға арнайы келген Венгрияның Қазақстандағы Төтенше және өкі­летті ел­шісі Андраш Барани осынау іргелі интеграция­лық ұйым­дар тілегі бір бауырлас халықтардың дос­тығын ны­ғайтуға сүбелі үлес қо­сып келе жатқанын айтады. Ал ұлы тұлғалардың мұра­сын насихаттау зия­лы қауым өкілдерін ортақ игі мақ­­сат­тарға жұмылдырмақ.

«Қоңыр ағамыздың атын айтсақ, оның түркітану ғылымының дамуына зор үлес қосқан зерттеулері ғана емес, сондай-ақ түркітілдес халықтардың біртұтасты­ғын, олардың арасындағы бай­ланыстардың нығаюын, мәдениет­терінің және тіл­дерінің еркін түрде дамуын армандайтын тұлғаның кейпі көз алдымызға келеді. Әсіресе қазақ тілінің өркендеуіне ерекше мән берген Қоңыр Мандоки тек мажар мен қазақтың ғана емес, дүние­ жүзін­­дегі бүкіл түркітілдес елдердің ар­асын­дағы бауыр­лық қарым-қатынас­тар­дың сим­волына айналды. Дү­ниеден ерте қайтса да өзі армандаған қазақ елі­нің тәуел­сіздігін көрді. Қазақстан сол тәуел­сіздіктің арқасында Еуразия құр­лығына, әлемге танымал, беделі жоғары елге айналды. Сондықтан Халық­аралық Түркі академиясы­ның штаб-пәтері Ұлы даланың жүрегі – Астана қаласында ор­наласқаны кездей­соқ емес. Ал академия қабыр­ға­сынан Мандоки кітапханасы ашыл­ған­нан кейін Түркі академиясын Мажар­станның бір бөлігі орналасқан жер деп санаймыз», – деді баяндамасын таза қазақ тілінде жасаған елші Андраш Барани. 

Мандокидың түркілер мен мажар­лар арасын­да­ғы тарихи байла­ныс­­тар­ды індете зерттеуі, түркі халық­тары­ның әдебиет, фольклор, поэ­зия үлгілерін мажар тіліне тәр­жі­ма­лау­дағы қай­та­ланбас қолтаң­басы, ол ұйым­дастырған түрлі экс­пе­ди­ция­лардың тарих үшін құнды дерекке айналғаны тарихшылар тарапынан кеңі­нен баяндалды. Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология инс­титутының директоры Зиябек Қабул­динов Қоңыр Мандокидың бас­ты ерекшелігі еуроцентризм қа­малын бұзып, Ұлы даланың тарихын ашық, таза, әділетті түрде жаза білуінде деп есеп­тейді. Бүкіл өмірін мадияр­лар мен қыпшақтардың тарихын зерттеуге ар­наған Ман­докидың базалық білімі тарихшы болмаса да, тарих бағытында орасан ой-идеялар қалдырғанын тілге тиек еткен ғалым, осы ретте бірқатар тың ұсы­н­ыстарды ортаға салды.

Ал америкалық ғалым, профессор Юлай Шамилоғлы Қоңыр Мандокиге байланысты өз естеліктерін айта келіп, ғұламаның барлық зерттеу еңбектері тұтас бір 30 томдыққа жүк болатынына тоқталды. Егер осы еңбектері түгел жарық көретін болса, ХІ ғасырдың Радловы атанар еді деген ойын ортаға салды. 

РФ ҒА Уфа ғылыми орта­­­лығы Тарих, тіл, әде­биет зерттеу инсти­туты­ның жетек­­шісі, профессор Фир­даус Хисамитдинова: «Ман­доки­­дың тарих­тағы бей­несі жыл­­дар өткен сайын тұл­ғала­­на береді. Асқақ рухы тұтас түркі халықтарын ке­зіп жүр­ген­дей әсерге қал­дыра­ды. Оның 30 томға арқау бо­лар­лық мұраларын түркі дү­н­ие­сі­нің гүлденуі жолында пайда­лануымыз керек», дейді. 

Алқалы жиында ҰҒА президен­ті Мұрат Жұрынов, шығыстанушы, ғалым Әб­саттар қажы Дербісәлі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, акаде­мик Өмірзақ Айтбайұлы, Халық­­аралық Түркі акаде­миясының аға сарапшысы Қадыралы Қоңқабаев, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажы­бек, Ясауи атындағы халық­ара­лық Қазақ-түрік уни­вер­си­тетінен келген түрко­лог-қып­шақтанушы Сейсенбай Құдасов және тағы да басқа зиялы қауым өкілдері Қоңыр Мандокидың ғиб­ратты ғұмы­рынан сыр шертетін жы­лы естеліктерімен бөлісті. Мысалы, Әбсаттар қажы Қо­ңыр­­мен бір-ақ рет кездес­кенін, бірақ соның өзі есінде сақ­­талып қалғанына тоқталса, Қадыралы Қоңқабаев Ман­докидің өнегесін, оның бір істі бастаса, міндетті түрде аяғына жеткізетін табан­дылы­ғын ғылымдағы жас­тар үлгі етуі керектігін атап өтті. Ал Ерден Қажыбек ғұла­ма ғалым өмірінің шуақ­ты сәттеріне  куә болып, бір­ге жүрген күндерін еске ал­ды. «Оның өр мінезін, ал­ған бетінен қайтпайтын  қайсар­лығын көрдім» деді Е.Қажы­бек ғалым туралы сөзінде.  

«Қазақ халқы өзінің дара перзенті, қыпшақ ұлы Қоңырды ұмытпағаны­на мен өте қуаныштымын. Ол қазақ жұртын ерекше сүйді. Қазақтың бай әдеп-ғұрпын, тарихын, мәдениетін өте жетік білді. Соны сыйлаған­дық­тан қазаққа ғашық болды. Елба­сы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған ойлар тура Қоңырдың арман-мұратымен ұршықтасып жат­қандай көрінеді. Ол тірі болса қатты қуанар еді деп ойлаймын. Өйткені бұл түркі халықтары үшін мәңгілік тақы­рып», деп еске алды Қоңыр Мандокидың жары Оңай­ша Мақсұмқызы.

Конференция барысында түркі инте­грациясының нығаюы мен түр­кология ғы­лымының дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар ғалымдар мен қайраткерлерге Халық­аралық Түркі академиясының марапаттары табыс етілді. 

Жиын қорытындысына сәйкес қатысушы қонақтар Кеңсай зиратына барып, ғалым­ның рухына құран бағыш­тап, гүл шоқтарын қойды.

Арман ОКТЯБРЬ,

«Egemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.02.2019

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларды қолдаудың 10 қадамы жасалды

22.02.2019

Қостанайда әкім есебі жаңа ғимаратта өтті

22.02.2019

Қарағанды облысының тумасы Қазбек Нұржановтың құрметіне арналған 41-ші жеңіл атлетика жарысы өтті

22.02.2019

Қарағанды облысында 479 жоба іске асады

22.02.2019

Ұлттық валютадағы мәтін тек қазақ тілінде болады

22.02.2019

Sanofi - күдіктен ада компания

22.02.2019

Сенатор С.Айтпаева Германиядан келген делегациямен кездесті

22.02.2019

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларға тұрғын үй сертификаттары беріледі

22.02.2019

Ақтөбе облысында су тасқынына дайындық шаралары қабылданып жатыр

22.02.2019

Құралай Ахмет: Шет елде оқуға ынтасы бар кез келген адам «болашақтық» бола алады

22.02.2019

Жастар кәсіпкерлігіне арналған «Jas Business» семинары өтті

22.02.2019

Халықтың әл-ауқатын жақсарту – басты мақсат

22.02.2019

Жоғарғы сот жемқор судьяларды анықтауды күшейтеді

22.02.2019

Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасы әлем чемпионатында бақ сынайды

22.02.2019

Ерлан Қошанов көпбалалы отбасылар тұрғын үймен қалай қамтамасыз етілетінін айтты

22.02.2019

Мамандар: Денсаулық туралы жаңа Кодексті қабылдау бизнес үшін кедергілер туғызуы мүмкін

22.02.2019

Семейде «Нәджип Әмір» атындағы аудитория ашылды

22.02.2019

«Әбу-Даби Плаза» елордада жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді

22.02.2019

Милад Карими мен Аким Мусаев Мельбурндегі Әлем кубогінің финалына өтті

22.02.2019

Юлия Галышева бастаған Қазақстан командасы Жапониядағы әлем кубогіне қатысады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу