Әлем • 12 Ақпан, 2019

Астана ТМД-ның ең романтикалық қалалары тізіміне енді

445 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ТурСтат аналитикалық агенттігі ТМД және таяу шетелдерге романтикалық саяхат үшін ең үздік қалалар тізімін жариялады. Үздік бестікке еліміздің елордасы – Астана да енді.

Астана ТМД-ның ең романтикалық қалалары тізіміне енді

Демалыс күндері туристік саяхат жасауға қолайлы ТМД-ның романтикалық қалалары бестігінде Грузия астанасы Тбилиси, Астана, Әзірбайжан астанасы Баку, Беларусь астанасы Минск және Молдовадағы Кишинев бар.

Ең романтикалық қала ретінде Тбилисиге 33% дауыс берілді. Астана, Баку және Минск қалаларына 14%-дан, Кишиневке 10% берілді.

Сонымен қатар, бұл тізімге 5% дауыс жинаған Алматы, Бішкек, Ереван қалалары да енді.