Үкімет • 12 Ақпан, 2019

Ә.Смайылов: Жергілікті бюджеттердің шығыстары 190 млрд теңгеге игерілген

290 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қаржы министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында жергілікті бюджеттердің шығыстары 190 млрд теңгеге игерілгенін хабарлады.

Ә.Смайылов: Жергілікті бюджеттердің шығыстары 190 млрд теңгеге игерілген

Қаржы министрінің ақпаратына сүйенсек, жергілікті бюджеттің 16 млрд теңгесі игерілмеген.

«Өңірлердің шоттарындағы қалдықтар 175 млрд.теңгені құрап, жыл басымен салыстырғанда екі есе өсті (83 млрд.теңге). Өсу барлық өңірлерде орын алды.

Ағымдағы жылы жергілікті бюджеттерге берілетін нысаналы трансферттердің жылдық сомасы 1113 млрд.теңгені құрайды. Есепті кезеңде оларға 31 млрд.теңге бөлінді. Жергілікті атқарушы органдармен олардың 89,7%-і игерілді, яғни 27,8млрд.теңге. 3,2 млрд.теңге орындалмаған, оның ішінде 0,7 млрд.теңге үнемдеу. 2,5 млрд.теңге игерілмеген. Негізгі себептер: шарттардың кеш жасалуы, қазынашылық органдарында олардың кеш тіркелуі» дейді Әлихан Смайылов.

Жергілікті бюджеттерге биылғы жылы қарастырылған нысыналы даму трансферттерінің (495 млрд теңге) 361 млрдт теңгесі өткен жылдары басталған жобаларға келеді.

Биылғы жылы осы жобалар бойынша қосымша келісім-шарттарға қол қойылуы қажет.

Есепті кезеңде осы жобалар бойынша тек 37 млрд теңгеге ғана міндеттемелер қабылданған.

Қаржы министрінің айтуынша, мектептерді салуға бөлінген қаражаттың 11,4 млрд теңгесіне міндеттеме қабылдау 4 кварталға жоспарланған. Оның ішінде, Астана қаласында 4,5 млрд теңге, Алматы облысы – 1,3 млрд теңге, Батыс Қазақстан және Манғыстау - 1,2 млрд теңгеден, Солтүстік Қазақстан – 1,1 млрд теңге.

Осы себепті орталық және жергілікті органдар қаржылық жоспарларын қайта қарап, конкурстарды негізінен бірінші кварталда аяқтауы қажет.

Министрліктің ақпараты бойынша, қосымша келісім-шарттарға қол қоюды және оларды қазынашылық органдарында тіркеуден өткізу жұмыстарын 1 наурызға дейін бітіру шарт.