Үкімет • 12 Ақпан, 2019

Т.Сүлейменов: Ішкі жалпы өнімнің өсуі 2,9% құрады

494 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР ӘЭД 2019 жылғы қаңтардағы қорытындылары бойынша Үкімет отырысында Т.Сүлейменов мәлімдеме жасады.

Т.Сүлейменов: Ішкі жалпы өнімнің өсуі 2,9% құрады

Оның айтуы бойынша, есепті кезеңде жалпы ішкі өнімнің өсуі 2,9% құраған.

Оның айтуынша, өсу тұтыну нарығындағы, сондай-ақ өнеркәсіптің өндіру секторларындағы сұраныстың сақталуымен қамтамасыз етілді.

Бұл ретте, экономиканың өсу қарқындарының бәсеңдеуі өңдеу өнеркәсібіндегі және құрылыстағы төмендеумен, сондай-ақ инвестициялық белсенділіктің бәсеңдеуімен негізделген.

Жалпы, негізгі салалардың барлығына өткен жылғы жоғары база әсері тиді.

Инфляция деңгейі 2018 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда жақсы қалыптасты. Жыл басынан бері ол 0,5%, жылдық мәнінде – 5,2% құраған.

«Өткен жылғы жоғары базаның аясында осы жылғы қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 2,5% төмендеді. Төмендеу Шымкент мұнай өңдеу зауыты және Ақсу ферроқорытпа зауытын жаңғырту және қайта жөндеу жұмыстарын аяқтауымен байланысты.

Осы жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша елдің халықаралық резервтері 88,8 млрд. АҚШ долларын құрады, оның ішінде алтын валюта резервтері – 30,6 млрд.АҚШ долларын және Ұлттық қордың активтері – 58,2 млрд. АҚШ долларын құрады» деді минстр.