12 Ақпан, 2019

Ислам Бозбаев: Төрешілер ұпай бергенде, белдесу басқаша өрбитін еді

408 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Париждегі Grand Slam турнирінен елге оралды. Ерлер құрамасы рейтингілік додадан 2 күміс иеленсе, қыздар командасында бір қола медаль бар. 

Ислам Бозбаев: Төрешілер ұпай бергенде, белдесу басқаша өрбитін еді

90 келі салмақта финалға дейін жетіп, әлем чемпионына есе жіберген Ислам Бозбаев Olympic.kz сайтына пікір білдірді. 

- Негізі, финалдық белдесуде төрешілер "ваззари" ұпайын бермей қойды маған. Егер сол ұпайды алғанымда, жекпе-жек әрі қарай басқаша өрбитін еді. Парижден бұйырғаны күміс медаль екен. Финалда күрескен Оңтүстік Корея балуанымен бұрын да кездескенмін. 2017 жылы Гонконгта өткен Азия чемпионатының жартылай финалында жолығып, жеңіс менің қанжығамда кеткен. Бұл жолы алтын қарсыласыма бұйырды. Әрине, мұнымен тоқтап қалмаймыз. Біздің басты мақсатымыз - Олимпиада ойындарына жолдама алу. Париждегі турнирге дейін рейтингте 11-ші орында тұр едім. Енді 8-ші сатыға көтерілдім. Бұдан да биік нәтиже тіркеп, сол биіктен түспеуге тырысамыз, - дейді Бозбаев. 

Еске сала кетейік, Ислам Бозбаев алдағы уақытта Екатеринбургтегі Grand Slam турниріне қатысады. 

Соңғы жаңалықтар