12 Ақпан, 2019

Маңғыстауда қар суы басу қаупі туындап отырған жоқ

692 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірде өткен жылы да еріген қар суынан су басу жағдайлары орын алған жоқ.

Маңғыстауда қар суы басу қаупі туындап отырған жоқ

-Қазіргі таңда гидрометерологиялық қызметтің ақпаратына сай облыс аумағында қардың қорлары жоқ. Алайда нөсер жауын салдарынан Жаңаөзен қаласының және Мұнайлы ауданындағы Басқұдық пен Атамекен елді-мекендерінің кейбір көшелері мен үйлердің аулаларында шалшық сулар жиналуы мүмкін.

Су басу кезінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге 924 адам, 308 техника және 10 жүзу құралдары және басқа да құралдар дайындыққа жұмылдырылды. Жауын-шашын сулары ағатын кәріз құбыры мен уақытша арық жүйесі салынды. Жиналған суларды жоюға әкімшіліктер тарапынан 21 мотопомпа мен жоғарғы өтімділігі бар жалпы ұзындығы 2000 метрден астам жеңдер сатып алынды, дейді Маңғыстау облшымы Төтенше жағдайлар депатаменті төтенше жағдайлар алдын алу бөлімінің бастығы Қ.Есназаров.

Су тасқынының алдын алуға және жоюға қажетті көлемде материалды-техникалық қамтамасыздандыру резерві, сонымен қатар облыс әкімдігінен қаржылық резерв - әкімшіліктердің төтенше жағдайлар және жергілікті атқарушы органдардың резервінде жалпы соммасы 133,5 млн теңге (оның ішінде 5,5 теңге төтенше жағдайларға арналған резерв, 128 млн жергілікті атқарушы органның резерві) қаражат қарастырылған.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Egemen Qazagstan»

Маңғыстау облысы