Қазақстан • 12 Ақпан, 2019

Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев баяндама жасады

402 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңесінде «2019 жылдың тасқын су кезеңіне орталық және атқарушы органдардың дайындығы жөнінде» мәселесі бойынша И.Әбішев баяндама жасады.

Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев баяндама жасады

Комитет төрағасы тасқын суларды жинау жоспары бойынша 2017-2025 жылдар аралығында 296 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырғанын айтты. Оның ішінде 30 жоба (10 млн м3 жоғары) республикалық бюджет есебінен, 266 жоба (10 млн м3 жоғары) жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылған.

«Гидротехникалық құрылыстар арқылы тасқын суларды апатсыз өткізу мақсатында Су ресурстары комитетінде тасқын су кезеңінде тасқын суға қарсы комиссия құрылды. Осындай комиссиялар Бассейндік инспекцияларда, «Қазсушар» РМК мен оның филиалдарында құрылған. Су қоймалары жұмысының режиміне күнделікті мониторинг белгіленген, барлық республикалық объектілерінде тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылған» деді И.Әбішев.

Сондай-ақ комитет төрағасы жергілікті атқарушы органдар жобалық өткізу мүмкіндіктеріне дейін тасқын судың жоғарғы шығындарын қабылдау үшін дайын болуы тиіс екенін баса айтты.

Осы жағдайды пайдаланып жергілікті атқарушы органдарды өзендер арналары мен каналдарына тазалау өткізуге көңіл бөлуге шақырды. Мысалы, Астана қаласы мен Аршалы ауданының әкімдіктерімен бірлесіп Жібек жолы кентінің учаскесінде Есіл өзені арнасын тазалау бойынша жұмысты өткізуде екен.

Сонымен қатар ол: «Бұрын елді мекендер оның ішінде саяжайлар, демалыс орындары өзеннің жайылма учаскесінде салынған, оларды салыстырмалы түрде жоғары емес су тасқыны шығыстарында су басып қалады» деп ескертті.

И.Әбішев келтірген мәліметке сүйенсек, Қарағанды облысында Самарқанд су қоймасынан 300-400 м3/сек су жіберілгенде Чкалов ауылын – 50 пәтер/120 адамды, Садовое ауылын – 46 пәтер/211 адамды су басу қаупі туындайды. 500-600 м3/сек су жіберілгенде Чкалов ауылын – 66 пәтер/120 адамды, Садовое ауылын – 46 пәтер/211 адамды, Ақтөбе ауылын – 16 пәтер/72 адамды су басу қаупі туындайды.