Аймақтар • 12 Ақпан, 2019

Шымкентте «Баспанаға жол» қайырымдылық акциясы басталды

587 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда ғана Шымкенттегі көпбалалы ананың уақытша пәтерге орналасуына демеушілік жасаған ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі тағы бір жағымды жаңалықпен қуантып отыр.

Шымкентте «Баспанаға жол» қайырымдылық акциясы басталды

Мұнан былай діни басқарманың Шымқаладағы өкілдігі мен «Зекет» қоры бірлесіп «Баспанаға жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастыруды қолға алады.

Тұңғыш рет жасалынып жатқан «Баспанаға жол» қайырымдылық акциясының мақсаты қиыншылық қыспағында қалған көпбалалы отбасыларға көмектесу. Ал, акцияға жағдайы төмен, жеке баспанасы жоқ, пәтер жалдап тұратын, жұмыссыз отырған, асыраушысынан айырылған жандар қатыса алады. Осындай жағдайға түскен отбасыларға демеушілер есебінен аз да болса пәтер ақыларына қол ұшып беріп, әлеуметтік сынақтан өтіп кетуіне жәрдемдеседі

Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша өкіл имам Бақтыбай қажы Қыдырбайұлы тарапынан тиісті тапсырмалар беріліп, шараны тұрақты ұйымдастыру қалалық «Зекет» қорының жетекшілеріне жүктелді. Ендігі кезекте қайырымдылық шаралар шаһардағы Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының мешіттерінде имамдардың қатысуымен өтіп тұратын болады.

Нұршат ТӨКЕН,

«Egemen Qazaqstan»

Шымкент

Соңғы жаңалықтар