Аймақтар • 13 Ақпан, 2019

Ерлікке тағзым – ардагерлерге құрмет

894 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Түркістан облысы бойынша 1227 ауған соғысының ардагері бар. Ардагерлер бүгінде облыс шеңберінде өткізіліп жүрген патриоттық іс-шараларда белсенділік танытуда.

Ерлікке тағзым – ардагерлерге құрмет

Түркістан қаласындағы Жеңіс саябағында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай өткен «Ерлікке тағзым» атты іс-шарада ардагерлер игілікті істерге қолдау білдіріп отырған облыстық ішкі саясат басқармасына алғыстарын білдірді. Ішкі саясат басқармасының басшысы Бейсен Тәжібаев, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Тәжібек Мұсаев және соғыс ардагерлері, облыстық, қалалық депутаттар мен БАҚ өкілдері қатысқан іс-шарада тарихтан сыр шерткен ауған соғысының батырлары, бүгінгі таңда атқарылып жатқан жағымды жаңалықтарымен де бөлісті. Ал басқарма басшысы Б.Тәжібаев мұндай шаралардың ерлікті жас ұрпақтың санасына сіңіріп, өткенді бағалауда алар орны ерекше екенін атап өтті.

Кездесу барысында ауған соғысына қатысқан ардагерлер облыстық мәслихат пен облыстық әкімдіктің Алғыс хаттарымен марапатталды. Мемориалдық ескерткішке гүл шоқтарын қойылып, жауынгерлер рухына тағзым етілді.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Egemen Qazaqstan»

Түркістан облысы