Қазақстан • 13 Ақпан, 2019

А. Мұхамедиұлы археология басқармасын құруды ұсынды

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Мәдениет және спорт министрі  Арыстанбек Мұхамедиұлы тарих және археология саласындағы кадрлардың тапшылығы туралы мәселе көтерді.

А. Мұхамедиұлы археология басқармасын құруды ұсынды

«Бүгінгі таңда мамандардың тапшылығы үлкен мәселелердің бірі болып отыр, бірақ заң жобасы қабылданғаннан кейін біз қандай мамандарға сұраныстың көп екенін анықтай аламыз. Бүгінде осы мамандықтар бойынша студенттер аз, сондықтан олар жабылып жатыр. Әрине, біз осы салада жұмыс істеген адамдардың тәжірибесін пайдаланатын боламыз», - деді А. Мұхамедиұлы Мәжілістің жалпы отырысында

Министр осы салада тәжірибелі сарапшылардың жетіспейтінін атап өтті.

«Артефактілерді табу кезінде мамандардың тәжірибесі жетпейтін жағдайлар жиі туындайды. Мұндай жағдайда біз атақты ғалымдарды, тарихшыларды жұмылдыратын боламыз», - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сондай-ақ А. Мұхамедиұлы тарихшылар мен археологтар мамандығына сұранысты арттыру үшін әкімдіктерде жеке басқарма құруды ұсынды. «Жергілікті атқарушы органдарда жеке басқарма құруды ұсынамын. Заң қабылданғаннан кейін бұл басқарма кең өкілеттіктерге ие болады деп ойлаймын. Әрине, сонда кадрларға сұраныс артады», - деді ол.