Қазақстан • 13 Ақпан, 2019

Халықтың 12%-ы қолайсыз немесе қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейді

354 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2018 жылғы III тоқсанда Қазақстан экономикасының әр түрлі салаларында 8,7 млн адам жұмыспен қамтылды немесе 15 және одан жоғары жастағы халықтың 67,0%. Жартысынан көбі 51,6% (4,5 млн адам) – ерлер, 48,4% (4,2 млн адам) – әйелдер. Бұл туралы Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Халықтың 12%-ы қолайсыз немесе қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейді

Жалдамалы қызметкерлер саны 6,6 млн. адамды немесе экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 75,8% құрады. Жұмыспен қамтылған халықтың арасында өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерлер саны 2,1 млн. адамды немесе 24,2% құрады.

Жалдамалы жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының ішінен 41,4% кәсіподақ мүшесі болып табылатындарын белгіледі, ал 77% – еңбек заңнамасында көзделген жеңілдіктер мен өтемақыларға құқығы бар (жұмыстан босатылған жағдайда).

21,1% аптасына 40 сағаттан астам уақыт жұмыс істейтіндерін көрсеткен (2017 жылы – 23,5%), олардан 68,1% жартысынан көбі – жұмыс беруші қойған талаптар себебінен, 16,2% – көп табыс табу себебінен, 7,9% – өндірістік қажеттілікке байланысты.

Жұмыспен қамтылған халықтың арасында кәсіби оқудан 493,1 мың адам (5,6%) өткен, олардан 493,1 мың адам (82,3%) үшін оқу жұмыс берушінің, басқа ұйымдардың қаражаты есебінен төленген.

Жұмыспен қамтылған халықтың ішінен 12,0% респонденттер қолайсыз немесе қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндіктерін белгілеген (2017 жылы – 10,7%), олардан 11,6% – қолайсыз температуралық режимде жұмыс істейді, 11,5% – қауіпті механизмдермен жұмыс істейді, 16,7% – жүйке жүйесіне жоғары жүктеме сезінеді, 17,4% – далада жұмыс істейді, 25,8% - ауыр жұмыста жұмыс істейтіндерін көрсетті.

Жалдамалы қызметкерлердің жартысына жуығы (47,9%) жұмыс орнына дейін қоғамдық көлікпен, 21,2% - жаяу, 21,1% - жеке көлікпен жететінін белгілеген.

Жұмыс істейтін әйелдердің жалпы санының -13,2% (2015 жылы - 18%) отбасылық міндеттер мен еңбек қызметін қоса атқару күрделі екенін белгілеген.

Айта кету керек, Халықаралық еңбек ұйымының (бұдан әрі - ХЕҰ) лайықты еңбекті статистикалық өлшеу бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетімен лайықты еңбек көрсеткіштерін жыл сайынғы негізде қалыптастырылады.

Лайықты еңбек «ерлер мен әйелдер үшін еркінді, теңдік, әлеуметтік кепілділік және адами қасиеті жағдайында өнімді және лайықты еңбекке мүмкіндік жасау» міндеті ретінде анықталған.

Халықаралық еңбек ұйымымен жұмыспен қамтылудың сандық аспектілерін, сондай-ақ жұмыспен қамтылудың сапасын сипаттайтын көрсеткіштерді қамтитын лайықты еңбек индикаторларының бірегей жүйесі анықталды. Қазақстан Республикасында лайықты еңбек көрсеткіштерінің жүйесі 2001 жылдан бастап қалыптастырылады.