Қоғам • 13 Ақпан, 2019

2019 жылғы қаңтарда бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 166111 теңгені құрады

942 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2019 жылғы қаңтарда 2018 жылғы қаңтарға қарағанда 102,9% құрағанын мәлімдеді.

2019 жылғы қаңтарда бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 166111 теңгені құрады

Статистика комитетінің мәліметінше, 2019 жылғы қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 644,6 млрд теңгені құрады, бұл 2018 жылғы қаңтарға қарағанда 2,5% кем.

2019 жылғы қаңтарда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 2157,5 млрд теңгені құраған, бұл 2018 жылғы қаңтарға қарағанда 1,9% артық. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі - 6,8%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда – 0,1%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 14,4% артқан. Ал өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 5% төмендеді.

Сонымен қатар 2019 жылғы қаңтарда ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметі) көлемі 128,8 млрд теңгені құрап, 2018 жылғы қаңтарға қарағанда 3,5% артқан.

«2019 жылғы қаңтарда құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 65 млрд теңгені құрады, бұл 2018 жылғы қаңтарға қарағанда 1,8% кем.

2019 жылғы қаңтарда «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 103,7% құрады.

2019 жылғы қаңтарда жүк айналымының көлемі 47,3 млрд. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2018 жылғы қаңтармен салыстырғанда 4,2% артты. Жолаушылар айналымының көлемі 23,1 млрд. жкм құрап, 2,9% артты.

2019 жылғы қаңтарда «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 101,2% құрады.

2019 жылғы қаңтарда «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 107,5% құрады.

2019 жылғы қаңтарда бөлшек сауда көлемі 694,6 млрд. теңгені немесе 2018 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 104,4% құрады (салыстырмалы бағада).

2019 жылғы қаңтарда көтерме сауда көлемі 1503,1 млрд. теңгені немесе 2017 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 109,6% құрады (салыстырмалы бағада).

2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда сыртқы сауда айналымы 93489,7 млн. АҚШ долларын құрап, 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 19,7% артты, оның ішінде экспорт – 60956,2 млн. АҚШ долларын (25,7% көп), импорт – 32533,5 млн. АҚШ долларын құрады (9,9% көп).

2019 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 434324 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,5% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 425372 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 283378 құрады, оның ішінде 274875 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан кем)» деоінген мәлімдемеде.

Тұтыну бағасының индексіне тоқталсақ, 2019 жылғы қаңтарда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 100,5%-ды құраған. Азық-түлік тауарларға бағалар – 1,3%, азық-түлік емес тауарларға – 0,3% өсіп, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге баға 0,2% төмендеген. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2019 жылғы қаңтарда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 1,2% төмендегені анықталған.2018 жылғы желтоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 97221 теңгені құрады, бұл 2017 жылғы желтоқсанға қарағанда 8,6% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 3,2% жоғарылады.

Әлеуметтік секторда да айрықша өзгерістер бар. Атап айтар болсақ, 2019 жылғы қаңтарда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 166111 теңгені құрады.

Одан бөлек 2019 жылғы қаңтарда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 442,5 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,8% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2019 жылғы қаңтардың соңына 111 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 1,2%.

Еске сала кетсек. қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 60%-н аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.