Әлем • 14 Ақпан, 2019

Қырғызстан мен Тәжікстан парламентаралық байланыс мәселелері талқыланды

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бішкекте парламентаралық серіктестік пен Тәжікстан мен Қырғызстанның парламенттік топтарының достығы мәселелері талқыланды. Бұл туралы Trend ақпараттық агенттігі хабарлады.

Қырғызстан мен Тәжікстан парламентаралық байланыс мәселелері талқыланды

Тәжікстанның Қырғызстандағы Төтенше және өкі­летті ел­шісі Сухроб Олимзода Қырғызстан Жоғарғы Кеңесінің  халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздігін комитетінің төрағасы Исхак Приматовпен кездесті.

Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ақпаратына сүйенсек, келіссөз барысында өкілдер екі елдің парламентаралық серіктестігі, парламенттік топтардың достығы мен оны жолға қою мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, кездесу кезінде екіжақты саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық қатынас сұрақтары қарастырылды.

Одан бөлек қырғыз-тәжік мемлекеттік шекараларының делимитация мен демаркацияны жолға қою мәселесі келісілді