Хоккей • 15 Ақпан, 2019

«Барыс» өз рекордын жаңартты

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы күнге дейін Астананың «Барысы» Құрлықтық хоккей лигасындағы (ҚХЛ) ең көп голды 2013/14 жылғы маусымда соққан еді. Сол кезде 53 кездесу өткізген жерлестеріміз 182 мәрте нысаны дәл көздеді.

«Барыс» өз рекордын жаңартты

Күні кеше сол рекорд жаңарды. Қытайдың «Куньлун» клубын 3:1 есебімен ұтқан елордалық хоккейшілер биылғы маусымдағы тұрақты біріншілікте соққан шайбалардың санын 185-ке жеткізді. Бұл – «Барыстың» жаңа рекорды! Десек те Қазақстанда іргетасы қаланған команданың осы көрсеткішті қанағат тұтпайтыны анық. Өйткені, алда әлі төрт ойын бар. Атап айтсақ, ертең Омбының «Авангардын» қабылдаймыз. Одан кейін Владивостоктың «Адмирал» (18 ақпан), Хабаровскінің «Амур» (20 ақпан) және Қытайдың «Куньлун» (22 ақпан) клубтарына қарсы соңғы үш кездесуді сыртта өткіземіз. Осы бәсекелер барысында жоғарыдағы көрсеткіштің жақсара түсетіні анық.

«Барыстың» ҚХЛ-да соққан голдар саны

1 маусым (2008/09): 56 ойын – 174 гол.

2 маусым (2009/10): 56 ойын – 169 гол

3 маусым (2010/11): 54 ойын – 155 гол

4 маусым (2011/12): 54 ойын –160 гол

5 маусым (2012/13): 52 ойын – 175 гол

 6 маусым (2013/14): 54 ойын – 182 гол

 7 маусым (2014/15): 60 ойын – 170 гол

8 маусым (2015/16): 60 ойын – 167 гол

9 маусым (2016/17): 60 ойын – 151 гол

10 маусым (2017/18): 56 ойын – 148 гол.

 Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

 «Egemen Qazaqstan»