Ақтөбе • 15 Ақпан, 2019

Ақтөбе облысында саны жағынан рекордтық тұрғын үй салынады

5514 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев халықпен есептік кездесу барысында Мемлекет басшысының Бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылуы туралы айтты. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі хаюарлады. 

Ақтөбе облысында саны жағынан рекордтық тұрғын үй салынады

«Бізде тұрғын үй секторын дамытуда берік іргетас қаланды. 2018 жылы 908 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылысы басымдықта қалып отыр,  одан әрі «көп және қолжетімді» қағидаты бойынша салатын боламыз. "Көп" деп ағымдағы жылдың 1 миллион шаршы метрден астам тұрғын үйді іске қосу жөніндегі міндеті, ал "қолжетімді" деп қазіргі заманғы технологияларды енгізу және жергілікті өндірушілердің құрылыс материалдарын пайдалану есебінен тұрғын үй құнын арзандату деп түсіндіріледі. Өңір үшін рекордтық тұрғын үй құрылысының көлеміне "7-20-25" және "Нұрлы жер" бағдарламаларын жүзеге асырудың арқасында қол жеткізіледі, бастапқы жарна 20 - дан 10 пайызға дейін төмендетілген», - деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Сондай-ақ, облыс әкімі ең төменгі жалақы деңгейін көтеру бастамасы 70 мың Ақтөбе тұрғынының жалақысын көбейтуге мүмкіндік бергенін жеткізді. Салық жүктемесінің төмендеуінің арқасында 92 мың ақтөбеліктің жалақысы артты. Сонымен қатар, Елбасының халық табысының өсуі туралы тапсырмасы аясында облыстағы 176 кәсіпорын 32 мың қызметкердің жалақысын орта есеппен 10 пайызға көтерді. Сондай-ақ, 2018 жылы жалпы сомасы 3 млрд теңгеге сыйақы төленді.

Төртінші бастаманың аясында мыңдаған ақтөбелік шағын несие беру қызметін пайдалана отырып, өз ісін бастай алады. Бұл мақсатқа 2019 жылы 5 миллиард теңге бөлінеді, ол қосымша 2000-нан астам жаңа жұмыс орнын ашуға және экономика құрылымындағы шағын және орта бизнес үлесін арттыруға мүмкіндік береді.

2019-2020 жылдыры 7 мың адам тұрып жатқан 13 елді мекен газдандырылатын болады. Өңірдің газдандыру деңгейі 89%-ға өсті.