Бокс • 15 Ақпан, 2019

Абылайхан Жүсіпов бокстан «Странджа» турнирін жеңіспен бастады

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Болгарияда өтіп жатқан «Странджа» халықаралық турнирінің алғашқы жарыс күнінде екі боксшымыз келесі айналымға өтті деп хабарлайды Olympic.kz. 

Абылайхан Жүсіпов бокстан «Странджа» турнирін жеңіспен бастады

69 келіде жұдырықтасқан Абылайхан Жүсіпов америкалық боксшыны жеңсе, 49 келідегі Теміртас Жүсіпов шотландиялық қарсыласынан басым түсті. 

Бүгін шаршы алаңға 75 келідегі Ерік Әлжанов шығады. 

Еске сала кетейік, Болгариядағы халықаралық турнирге Қазақстан негізгі құраммен қатысуда.