Астана әкімі Бақыт Сұлтанов көпбалалы аналармен кездесті

Бүгін «Астана» концерт залында қала әкімі Бақыт Сұлтанов көпбалалы аналарды өзі қабылдады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Әкім Бақыт Сұлтановтың көпбалалы аналармен кездесуі «Ашық есік күні» аясында өтті. Қала тұрғындары «Астана» концерт залына келіп, өздерін алаңдатқан сұрақтарды қоя алды.

Егемен Қазақстан
15.02.2019 384
2

Бақыт Сұлтанов жиналғандар алдында сөз сөйлеп, көпбалалы аналардың бірде-бір өтініші жергілікті атқарушы органдардың назарынан тыс қалмайтынын айтты. «Ай басталғалы бері аудан әкімдіктері мен бейінді басқармалар азаматтарды қабылдауды жүргізіп жатыр. Нәтижесінде аса мұқтаж отбасылардың деректер базасы құрылды, нақты қажеттіліктері мен проблемалары анықталды. Бірінші кезеңде азық-түлік, көмір, мектеп құралдарымен көмек көрсетілді. Біздің тарапымыздан әр отбасын қолдау жөнінде жоспарлы шаралар әзірленді», – деді Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуынша, қаланың шеткі алаптарын ескі және апаттық жағдайдағы үйлерді сүру бағдарламасына қосу мәселесі жақын арады шешімін табатын болады. «Біз аз қамтылған және көмекке аса мұқтаж отбасыларды, оның ішінде көпбалалы отбасылардф муниципалдық тұрғын үймен қамтамасыз етуге тиіспіз», – деді әкім. Бақыт Сұлтанов атап өткендей, қиындық көріп отырған әрбір отбасы үшін «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының мүмкіндіктері,  әлеуметтік қолдау және атаулы әлеуметтік көмек тетіктері пайдаланыла отырып, қолдау құралдары  анықталатын болады.

Сондай-ақ, азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесі де шешілмек.  «Біз азаматтардың қала үшін басым бағыттар бойынша біліктілігін арттырып кейіннен жұмысқа орналасуға көмектесеміз. Сондай-ақ, қолда бар ақпараттың негізінде көмек көрсету, соның ішінде тұрғын үй сертификаттарын тапсыру мүмкіндігін ұсыну үшін ресурстарды жұмылдыру алгоритмін әзірленеді», деді Б. Сұлтанов.  Сұрақ қойғысы келетіндердің қарасы қалың екендігін ескеріп, Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов аудан әкімдерімен және барлық басқармалардың басшыларымен бірге азаматтарды жеке қабылдауды жалғастырды. «Қала тұрғындарының барлық арыздары мен өтініштері жедел түрде жүйелендіріліп, талданып, көпбалалы отбасыларды қолдауды күшейту жөніндегі ҚР Үкіметі жанынан құрылған жұмыс тобының қарауына жолданды», – деді әкім.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.03.2019

Махмұд Қасымбеков Тұңғыш Президент – Елбасы Кеңсесінің Басшысы қызметіне тағайындалды

19.03.2019

Н.Нығматулин Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды

19.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаевтың қандай мәртебелері сақталады?

19.03.2019

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі (видео)

19.03.2019

Ерлан Баттақовқа Президенттің Іс басқарушысы міндетін уақытша атқару жүктелді

19.03.2019

А. Бисембаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Көмекшісі қызметіне тағайындалды

19.03.2019

Бақытжан Темірболатқа Президент Кеңсесінің бастығы міндетін уақытша атқару жүктелді

19.03.2019

Махмұд Қасымбеков Президент Кеңсесінің бастығы қызметінен босатылды

19.03.2019

Елбасы Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқару туралы Жарлыққа қол қойды

19.03.2019

Әмірхан Рахымжанов Елбасы кітапханасының директоры лауазымына тағайындалды

19.03.2019

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі

19.03.2019

Алдағы менің міндетім - басшылардың жаңа буынының билікке келуін қамтамасыз ету - Елбасы

19.03.2019

Тәуелсіз Қазақстанымызды сақтай біліңіздер - Елбасы

19.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаев: Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанды басқаруға нағыз лайықты азамат

19.03.2019

Қауіпсіздік кеңесінің Төрағасы ретінде қызмет ете беремін - Нұрсұлтан Назарбаев

19.03.2019

Президенттік өкілеттігімді тоқтату туралы шешім қабылдадым - Нұрсұлтан Назарбаев

19.03.2019

Президенттің өкілеттігін атқару Қ.Тоқаевқа жүктеледі

19.03.2019

Алматыда әлеуметтік көмек мөлшері артады

19.03.2019

«Firework of Stars» халықаралық би байқауы өтті

19.03.2019

Джиу-джитсу Азиада бағдарламасына енді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу