Батырхан Шүкеновтің естелік медалін анасына табыстау рәсімі өтті

Бүгін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, атақты әнші және композитор Батырхан Шүкеновтің Кеңес Одағы әскерінің Ауған жерінен шығарылуының 10 жылдығына орай берілген «Ауған соғысының ардагері» естелік медалін анасына табыстау рәсімі өтті.  Іс-шара кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына арналды.

Егемен Қазақстан
15.02.2019 8041
2

1983 жылы жауынгерлердің рухын көтеру мақсатында «Арай» тобының құрамында болған Батырхан Шүкенов - Болат Сыздықов, Роза Рымбаева, Байғали Серкебаев, Наджиб Вильданов сынды  бір топ белгілі қазақстандық әншілермен бірге Ауған жерінің қанды соғыс орын алған ұрыс алаңы Қандағар, Құндыз, Бағрам, Кабул қалаларының госпитальдары мен ашық алаңында концерт қойды. Рухы мықты жауынгердің сағы сынбайды. Ал, сағы сынбаған әскер жеңіске жететіні сөзсіз. Сол себепті, оққа оранып өнер көрсеткен әншілер басты тапсырманың бірін орындағаны сөзсіз.

Өзінің шығармашылық жолын «Қазақконцерт» гастрольдік-концерттік бірлестігінде бастаған Батырхан Шүкеновтің медалі мекеменің қайта құрылуына байланысты 2016 жылы Орталық мемлекеттік архивке берілген. 2019 жылдың басында әншінің естелік медалі жаңадан құрылған ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымына қайта табысталды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының атынан қазақ өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, атақты әнші әрі композитор, «Ауған соғысының ардагері» медалінің иегері Батырхан Шүкеновтің анасына құттықтау телеграммасы жеткізілді.

Іс-шара барысында «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Жеңіс Сейдуллаұлы Батырхан Шүкеновпен бірге Ауған жеріне гастролдік сапарға барған Болат Сыздықовтың: «Біздің ең қауіпті гастрольдік сапарымыз Ауған жерінде болды. Біз ол жерде қанды соғыс орын алған ұрыс алаңы Қандағар, Құндыз, Бағрам; Кабул қалаларының госпитальдары мен ашық алаңында  концерт қойдық. Ол гастрольдік сапарда тікұшақпен спираль жасап көтерілуге мәжбүр болдық. Себебі толассыз жауған жау оғы бізге де бағытталды» деген естелігін көрермен қауымға жеткізді.

«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Жеңіс Сейдуллаұлы артына өшпес із қалдырған Батырхан Шүкеновтің медалін анасы Диляра Ибрагимқызы Шукеноваға салтанатты түрде табыстады.

Барлықтарыңызға рахмет! Мен Батырды жоқ деп жүрсем, балам әлі тірі екен. Сендерді көргенде өзімді бақытты сезінемін. Ол Ауған жеріндегі гостролдік сапарын жиі есіне алатын. Елге тірі оралмай қаламын ба деген қорқынышы болғанын да айтқан. Бқл медаль Батырдың тірі кезіндегі өмірімді еске түсіргендей. Оның ұрыс алаңынан келгенде қуана қарсы алып, аман келгеніне шүкірлік айтқанымызды есіме салды. Бұл өмірден кім келіп, кім кетпеді. Олардың іздеусіз қалғаны қаншама?! Ал Батырдың іздеушісі бар. Оның әні, шығармашылыға халықтың жадында, жүрегінде сақтаулы. Жақында Батырдың достары мен оның шығармашылығы жайында кітап шығарып, еліміздің барлық музыкалық оқу орындарына таратылды. Бұл – мен үшін үлкен бақыт,- деді Диляра Шукенова.
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.03.2019

Елордада Наурыз мерекесі тойланды

21.03.2019

«Астана Опера» Наурызды жаңа форматта атап өтті

21.03.2019

Біз астаналықтар болып қала береміз - Бақыт Сұлтанов

21.03.2019

Таразда сауықтыру орталығы ашылды

21.03.2019

Әулиеатадағы әсерлі мереке

21.03.2019

Тараз қаласында жастарға арналған аллея ашылды

21.03.2019

Ономастикалық комиссия көше атауларының өзгеруін қолдады

21.03.2019

Назарбаев пен Тоқаев Наурыз мейрамына қатысты

21.03.2019

Наурыз мейрамын ЮНЕСКО-да атап өтті

21.03.2019

Наурыз мейрамында шаңырақ көтерген жастарға Нұрсұлтан Назарбаев ақ батасын берді

21.03.2019

Астанадағы Наурыз тойына Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты

21.03.2019

Президент кеңсесіне жаңа басшы келді

21.03.2019

Ерлан Баттақов Президенттің іс басқарушысы болып тағайындалды

21.03.2019

Футбол: Бүгін Шотландияға қарсы ойнаймыз

21.03.2019

Мәнерлеп сырғанау: Алғашқы жүлдегерлер анықталды

21.03.2019

Көкшетаудағы Максим Горький көшесі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы болып өзгерді

21.03.2019

Талдықорғандағы Тәуелсіздік көшесінің атауы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін иеленді

21.03.2019

Кәсіпкер көпбалалы отбасына 3 бөлмелі пәтер сыйлады

21.03.2019

Астана маңындағы елдімекендерде Наурыз мейрамы тойлануда

21.03.2019

Ақтөбеде Әбілқайыр хан даңғылы Нұрсұлтан Назарбаев көшесі болып өзгертілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу