Экономика • 16 Ақпан, 2019

Ресей сауда алаңдарында қазақстандық компаниялардың белсенділігі артты

609 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11-15 ақпан аралығында мәскеулік «Экспоцентр» ОКК-де азық-түлік өнімдері, сусындар және оларды өндіруге арналған шикізаттың 26-шы халықаралық «ПродЭкспо-2019» көрмесі  өтті.

Ресей сауда алаңдарында қазақстандық компаниялардың белсенділігі артты

Биыл экспозицияға әлемнің 69 елінен 2000-нан астам қатысушы келді, оның ішінде Қазақстаннан да бар. Біздің елімізді 25 компания таныстырады. Олардың ішінде Орталық Азиядағы ең ірі балмұздақ өндірушісі және қазақстандық балмұздақты шетелдік нарықтарға экспорттаушы «Шин-Лайн», «Рахат» кондитерлік фабрикасы, шырын өндіруші «Raimbek-Bottlers», әйнек өндіру және безендіру бойынша «Алматы Стекло» компаниясы бар.  

Ширек ғасырдан астам тәжірибесі бар халықаралық көрме қатысушы-компаниялардың өкілдеріне пайдалы кездесулер мен келіссөздер жүргізіп қана қоймай, сонымен қатар ұзақ мерзімді келісімшарттар жасауға мүмкіндік берді.

 «Біздің компания үшін «ПродЭкспо» көрмесіне қатысу – салалық әріптестермен танысуға, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін қазақстандық өнімді сатуды арттыру арналарының бірі. Бүгінде біздің балмұздақ Ресей нарығында танылды. Ірі ресейлік қалалардың тұрғындары біздің өнім дәмінің әртүрлілігімен жақсы таныс, әсіресе, оларға біздің шығыс дәмдері желісінің «Бахрома» балмұздағы – олар үшін жағымды экзотика», - деп атап өтті «Шин-Лайн» компаниялар тобының президенті Андрей Шин.

Көрмелердің жалпыресейлік рейтингісінің қорытындысы бойынша, «ПродЭкспо» Ресейде «Азық-түлік өнімдері» аталымы бойынша ең үздік көрме болып танылған. Іс-шара Ресей Федерациясы Сауда-өнеркәсіп палатасының қамқорлығы аясында Ресей Федерациясы ауыл шаруашылығы Министрлігінің қолдауымен өткізіледі.
 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше