Аймақтар • 16 Ақпан, 2019

Павлодар облысының әкімі жаңа орынбасарларын таныстырды

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
 Павлодар облысының әкімі жаңа орынбасарларын таныстырды

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов өзінің жаңа орынбасарларын таныстырды.

Олар ауыл шаруашылығының бұрынғы вице-министрі Рүстем Құрманов пен Түркістан облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Қайрат Нұркенов. Рүстем Құрманов ауыл шаруашылығы мәселелеріне жетекшілік ететін болады, ал Қайрат Нұркенов кәсіпкерлікті дамыту және өңірге инвестиция тарту, өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысына жетекшілік ететін болады.

Павлодар облысының әкімі өзінің жаңа орынбасарларын тағайындау туралы жаңалықпен Instagram әлеуметтік желісінде бөлісті және оларға жаңа жұмыс орнында табыс тіледі. 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше