Аймақтар • 16 Ақпан, 2019

Батыс Қазақстан облысында өңір басшысының есебі басталды

488 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында былтыр барлық деңгейдегі әкімдіктер бір жылдың ішінде 140-тан астам ашық әкімдік шарасын өткізген. Биыл қаңтар-ақпан айының өзінде әкімдер әртүрлі мәселемен 2 мыңдай тұрғынды жеке қабылдаған.

Батыс Қазақстан облысында өңір басшысының есебі басталды

- Ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ететін мұндай кездесулер тұрғындардың көкейінде жүрген сауалдарды тыңдап, күрмеулі мәселелердің шешімін табуға ықпал етіп келеді. 100 нақты қадам – Ұлт жоспарында көрсетілген ашықтық – біздің басты ұстанымымыз, - деді бүгін жұртшылық алдында дәстүрлі есебін берген Алтай Көлгінов. 

Бүгінгі есептік кездесуге облыс тұрғындарымен қатар,  Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Мұхамеджан Мейрамұлы қатысып отыр. Энергетика министрі осы сапарында жергілікті мұнай-газ компаниялары жетекшілерімен кездесіп, кейбір түйінді мәселелерді талқыламақ.

 

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Egemen Qazaqstan»

Батыс Қазақстан

Суретті түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше