Аймақтар • 18 Ақпан, 2019

Палезой дәуіріндегі кратер

750 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл жер неге екені белгісіз, таңырқаған күйі ойға берілесіз, Жаманшың деген жер жа­рылысы әсерінен ойыс болған метеорит орны дегенді естіп пе едіңіз? Естіме­сеңіз сол, сан ғалымды ойға салып өзгешелігімен қайран қалдырар еді. Палезой дәуіріндегі тұтқиылдан құлаған аспан денесі, ойға шомдырған Жаманшың...

Палезой дәуіріндегі кратер

Жаманшың кратері зерттеушілердің айтуы бойынша, бұл шамамен 700 – 100000 жыл бұрын аспаннан түскен кратердің орны. Диаметрі – 5,5шақырым, тереңдігі 700 метр болады. Кезінде бұл жерге шөп шықпайтын, мал бармайтын болғаннан соң, ел «Жаман шың» деп атап кеткен деседі. 

Әрине, жүз мыңдаған жылдар бұрынғы «жара» жазылып, метеорит құлаған жердегі алып шұңқыр бір­те-бірте тегістеліп тіршілік ие­лері емін-еркін келіп кететін бол­ған. Дегенмен, есте жоқ ескі заман­да­ғы ғаламат апаттың ізі әлі де сақтал­ған. Сондықтан мамандар бұл жерді ту­ристік орынға айналдыруды ойлас­тыр­ған. Жаманшың 2008 жылдан бас­тап ішкі туризмнің бір бағыты ре­тінде айрықшаланады. Сондықтан рес­публикалық маңызы бар табиғат ес­керткіші болып, «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» жобасына­ енген. Негізі «Жаманшың» кратері Ырғыз ауданының орталығынан оң­түстік батысқа қарай 40 шақырым жерге түскенін анықтап отыр.1937-1939 жылдары мұнда А. Яншин мен В.Вахрамеев есімді ғалымдар зерттеу жүргізіп, палезой дәуіріне тән түзі­ліс­терді анықтады. Аталмыш дәуірге тән түзілістер басқа аймақтарда қазір жердің терең қабатында болса,­ ал мұнда жердің үстінде сан түр­лі бол­жамдарға түрткі болады. Сондықтан бұл жерде зерттеулер үзбей жалғасып келеді. Алайда тек 1975-1976 жылдары П.Флоренский жетекшілік еткен зерттеу жұмыстары нәтижесінде ғана Жаманшыңның жарылыстан пайда болғандығы дәлелденді.

Бір қызығы, бұл жерден табылған тектиттерге иргизиттер, жаманшиттер деген атау берілген. Жергілікті геолог Ярослав Бойко тапсырған тектит-иргизиттер коллекциясы қазіргі күні Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде тұр.

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,

«Egemen Qazaqstan» 

АЛМАТЫ