Қазақстан • 18 Ақпан, 2019

Жастарға жақсылық жауған жыл

445 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқыту, қосымша оқу гранттарын бөлу, стартаптарды қаржыландыру мәселелеріне басты назар аударылуда. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті жоғарыда аталған игілікті бастамаларды жүйелі жүзеге асыру үстінде.


Жастарға жақсылық жауған жыл

Университеттің бірінші курс студенті Валентина Щадрина көпбалалы отбасынан. Барлығы жетеу. Филология бөлімінде оқитын студенттің жақсылыққа жаны құмар. Ниетіне орай болашақ педагог мемлекеттік грант арқылы білім алуда. Бұл қамқорлық жалғыз өзін ғана емес, отбасын да қуантып отыр.      

– Бұл грант болмағанда оқу ақысын төлей алмайтын едік. Жастарға жасалып отырған қамқорлық үшін Елбасына алғысым шексіз. Сенім артылған соң терең білім алуға ұмтылатын боламын,–дейді Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті Валентина Шадрина.       

Валентина Щадрина мемлекет тарапынан қолға алынған бағдарламалардың игілігін көргендердің бір парасы ғана. Оқу гранттарын бөліп, стартап жобаларды қаржыландыру түрлі мамандық игеруші білімпаз жастар үшін таптырмас мүмкіндік. Ал, сұранысқа ие әрі бәсекеге қабілетті ұрпақ ел игілігіне қызмет етеді.   

– Универсиетте қазіргі күні 2 жарым мыңнан астам студент грант арқылы тегін білім алады. Оның 224 – і Ақмола облысы әкімі грантының иегерлері. Гран иегерлерінің саны да жыл санап артуда. Педагогикалық және медициналық мамандықтарға басымдық беріледі. Бұдан бөлек, облыс әкімі мен аудан әкімдерінің атаулы шәкіртақылары бар. Алдағы жылы қосымша гранттар бөлінеді деген үміттеміз. Өңірде психология, экология және туризм салаларында мамандар тапшы. Мемлекеттік қолдаудың арқасында бұл мәселелерді шешуге болады,–дейді Ш. Уәлиханов атындағы көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Марат Сырлыбаев.

Жастар жылына орай қашықтықтан оқытуды дамытуға арналған 50 - ден астам ерекше оқу бағдарламалары жүйелі жүзеге асу үстінде.  Алдағы жылы қашықтықтан оқыту технологияларын қолданатын бөлім ашу жоспарланып отыр. Бейне-онлаин оқу курстары әзірлену үстінде. Ғылымға да жіті көңіл бөлінеді. Осымен үшінші жыл оқу ордасында стартаптарды қолдауға 10 миллионға жуық қаражат қарастырылып келеді.

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы