Президент • 18 Ақпан, 2019

Нұрсұлтан Назарбаев: Жастар білім алуға ұмтылуы тиіс

948 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан жастарын жастық шақтарын босқа өткізбеуге шақырды. Бұл бейнежазбаны Президенттің теле-радиокешені жариялады.

Нұрсұлтан Назарбаев: Жастар білім алуға ұмтылуы тиіс

Мемлекет басшысы адамдар өзінің өмірлік мол тәжірибесін ескере отырып, өсіп келе жатқан жас буынға кеңес берді. Елбасының айтуынша, Қазақстанның жастары үшін барлық «есік те, жол да» ашық. Жастар бүкіл әлемдегі қатарластарымен араласып, білім алуда, қалаған жерінде өмір сүруде.

«Сондықтан жастар жастық шақтарында ең алдымен іргелі базалық білім алуға ұмтылуы тиіс. Жастық пен мүмкіншіліктерді қайдағы жоқ түрлі көңіл көтеруге жұмсамағаны жөн, олар содан кейін де келеді. Ең алдымен, олар білімді адам болуы тиіс. Өйткені, жаһандық бәсекелестік елдердің ғана емес, адамдардың арасында да жүріп жатыр. Адамдар арасындағы бәсекелестікте кім білімді болса, сол жеңіске жетеді»  деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар Президент жастар оқудан кейін қайда жұмысқа орналасса да, кез келген жұмыста өзін жақсы жағынан көрсете алуы тиістігін баса айтады.