Қазақстан • 19 Ақпан, 2019

Қазақстан шошқаның африкалық обадан таза мемлекеттер қатарына қосылды

569 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасының АӨК өнімдерінің экспорт көлемін көбейту бойынша тапсырмасын орындау аясында Ауыл шаруашылығы министрлігімен осы бағытта бірқатар шаралар жүзеге асырылуда.

Қазақстан шошқаның африкалық обадан таза мемлекеттер қатарына қосылды

Бүгін Халықаралық эпизоотиялық бюро шошқаның африкалық обасы бойынша таза елдердің жаңартылған тізімін жариялады. Қазақстан тізімге шошқаның африкалық обасынан таза ел ретінде кірді.

Бұл мәртебені алу тірі шошқаны, сондай-ақ шошқа өнімдерінің экспортын арттыруға мүмкіндік береді.Шошқа еті  Ресей мен Қытай нарықтарында сұранысқа ие.

Бұл мәртебе біздің агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін іске асыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ Қазақстанның экономикалық дамуы мен имиджіне оң әсер етеді.