Ақтөбе облысында соңғы балалар үйі жабылды

Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында Ақтөбе облысында жетім балаларға қатысты мәселелер тиімді шешілуде. Аймақта ағымдағы жылдың қаңтар айында осыдан 10 жыл бұрын 585 бала тұрған жалғыз балалар үйі жабылды. Бұл балалар үйінің тәрбиеленушілері санының күрт төмендеуіне байланысты. Тек өткен жылы облыста 128 бала отбасына орналастырылды, оның ішінде 85 бала қамқорлықта және қорғаншылықта, 26 -  бала патронаттық тәрбиеде, 17 – баланы асырап алды.
 
Егемен Қазақстан
19.02.2019 2383
2
Ақтөбеде жетімдіктің алдын алу, өмірде қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау мақсатында "Аяла" орталығы ашылды. Онда кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының 19 тәрбиеленушісі мен Алға балалар үйінің 14 тәрбиеленушісі орналасқан.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жаңа мекемеде болып, жетім және ата–анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өмір сүру және тәрбиелену жағдайымен танысты, орталықтың басшылығымен, педагогикалық ұжымымен және тәрбиеленушілерімен кездесті.

«Балалар - Қазақстанның болашағы, сондықтан біз, үлкендер, сіздерді лайықты тәрбиелеп, дамыту үшін бәрін жасауымыз керек. Біздің облыста барлық шаралар қабылданып жатыр. 2018 жыл «Бақытты бала» жылы болып жарияланды. Сіздер ата-анасыз қалғандарыңыз үшін кінәлі емессіздер. Бірақ сіздер өздеріңіздің қатарластарыңыз секілді жақсы тәрбие мен білім алуға талпынуларыңыз керек. Егер сіздер жақсы оқып, спортпен, өнермен айналыссаңыздар, тәрбиелі болсаңыздар, өмірде міндетті түрде өз орындарыңызды тауып, Қазақстанның лайықты азаматы боласыздар. Біздің мақсатымыз – сіздерге барлық жағдайды жасау. Болашақта бірде-бір бала мемлекеттің қамқорлығынсыз және қолдауынсыз қалмауы тиіс. Елбасының әлеуметтік саясаты осыған бағытталған», - деді облыс басшысы орталықтың тәрбиеленушілерімен әңгіме барысында.

Облыс әкімі мекемеге спорттық жаттығу жабдықтарын сыйлап, балаларға сыйлықтар мен тәттілер табыс етті.

Орталықта балаларды тәрбиелеуге және оқытуға, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға және медициналық, психологиялық қолдау көрсету үшін қажетті жағдайлар жасалған. Балаларға мамандық таңдауда, өз бетінше өмір сүруге дайындалуда педагогтар мен психологтардың  көмегі көрсетіледі. Орталыққа 3 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды қабылданады.

2017 жылы Ақтөбеде «Сәби» қайырымдылық қорының қаражатына салынған «Мейірім» әлеуметтік бейімдеу орталығы өз жұмысын бастады. Бүгінде Қазақстанда баламасы жоқ кешенде балалар үйінің 16 мен 29 жас аралығындағы 102 түлегі тұрады және сонда жұмыс істейді. 3 гектар жер теліміне алаңы 43 шаршы метр болатын,  жаңа жиһаздармен және қажетті коммуникациялармен жабдықталған жайлы пәтрелері бар төрт екі қабатты тунхаус салынған.

Кешен аумағында оқу-өндіріс алаңдары, шаштараз, гүл дүкені, жылыжай, етік жөндеу және тігін цехтары бар. Ол жерлерде тәрбиеленушілер кәсіпке оқытылып, еңбекақыларын ала отыра жұмыс тәжірибесінен өтеді және еңбек ете алады. Инвестор жобаны жүзеге асыру үшін 1,4 млрд теңге бөлген.

Сондай-ақ, «Бақытты бала» өңірлік жобасы аясында былтыр жергілікті биліктің қолдауымен 136 жетім бала баспаналы болды.  Кәсіпкерлер ата-ана қамқорынсыз қалған балалардың тұрғын үй жинақ шотына 80 млн теңгедей аударды.

Бүгінде облыс бойынша жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған барлығы 1011 бала бар. Олардың 799-ы қамқорлықта және қорғаншылықта, 106 бала патронаттық тәрбиеде, 106 бала отбасы типіндегі немесе басқа да балаларға арналған мекемелерде.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.03.2019

Нұр-Сұлтан – Токио бағытында рейс ашылды

26.03.2019

2019 жылғы қаңтарда елімізде 80711 жеңіл автомобиль тіркелген

26.03.2019

Гүлмира Исимбаева Жапония Парламенті Кеңесшілер Палатасының Спикерімен кездесті

26.03.2019

Конор МакГрегор ережесіз жекпе-жектен кеткенін мәлімдеді

26.03.2019

Алматылық жастар астана атауын өзгертуге қолдау білдірді

26.03.2019

Үкімет пен Ұлттық Банк интернет-займдар бойынша маржаны шектеуді жоспарлайды

26.03.2019

Елорда жаһандық индексте қалай жоғарылады?

26.03.2019

Бердібек Сапарбаев Елбасының жаңа әлеуметтік шараларын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді

26.03.2019

Бердібек Сапарбаев елордалық «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды

26.03.2019

Р. Дәленов көлеңкелі экономиканы төмендету бойынша жаңа шаралар туралы айтып берді

26.03.2019

Бақыт Сұлтанов автобус апатынан қайтыс болған азаматтардың отбасына көңіл айтты

26.03.2019

Қарағандылық спортшылар екі Әлем кубогын ұтып алды

26.03.2019

Оңдасын Оразалин Әйтеке би және Хромтау аудандарының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты

26.03.2019

Мүлдем жауапкершілік жоқ: Ақтөбе облысының әкімі Орталық стадионның жағдайы туралы

26.03.2019

Қарағанды көмірінен жасалған әшекейлер Мәскеудегі Халықаралық байқауда көрсетіледі

26.03.2019

Нидерландтың Девентер қаласында Қазақстанның Құрметті Консулдығы ашылды

26.03.2019

​Лондонда Наурыз мерекесі аталып өтті

26.03.2019

Жастар елорда атауының өзгеруіне байланысты үндеу жариялады

26.03.2019

Қызылордада жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада басталды

26.03.2019

Ақсу энергетиктері 600 млрд кВт-сағат электр энергиясын өндірді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу