Қазақстан • 19 Ақпан, 2019

Бүгін елімізде тұман, көктайғақ пен бұрқасын күтіледі

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның барлық аумағында атмосфералық ауа ағымдардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы болады деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 

Бүгін елімізде тұман, көктайғақ пен бұрқасын күтіледі

Осыған байланысты республиканың оңтүстігінің кей жерлерінде қатты жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша тұман, көктайғақ, бұрқасын  күтіледі, жел күшейеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі, желдің екпіні түнде кей жерлерінде 25 м/с жетеді.

Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-23 м/с күшейеді.

Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, желдің күші 15-22, Шығыс Қазақстан облысында күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20, Түркістан облысында күндіз екпіні 25 м/с жетеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 17-22 м/с күшейеді. Алматы облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.