19 Ақпан, 2019

Білім беру жүйесіне көңіліңіз тола ма?

1401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы Қазақстан жастарының білім беру жүйесі туралы пікіріне сүйенген әлеуметтік зерттеулер мәліметтерін ұсынады. 

Білім беру жүйесіне көңіліңіз тола ма?

Жастардың алған немесе алып отырған білімдерінің са­па­сы­на қанағаттану деңгейі әртүрлі: бі­лім беру жүйе­сін 5-балдық жүйе бойынша бағалау ұсынылғанда рес­понденттердің 35,2%-ы өз өмі­рінің осы қырын 5 балға, 42,3%-ы – 4 балға, 15%-ы­ – 3 бал­ға, 4%-ы – 2 балға және 1,6%-ы 
1 балға баға­лады. 

«Өзіңіздің алған немесе алып жатқан біліміңіздің сапасына қанағаттану деңгейіңіз қан­дай?» сұрағына бағалау үшін орта мәні жоқ 4 шкала берілді: бірінші полюсте­ оң­ бағалар –­ то­лы­ғы­­мен қа­­­н­ағат­танамын жә­не қана­ғат­­­танамын деуге болады, басқа бір полюсте – толы­ғымен қа­­на­ғаттанбаймын және қанағат­танбаймын деуге болады. Алынған мәліметтерге сәйкес, 81,7%-ы өзінің білімімен қа­нағаттанады, сондай-ақ олар­дың арасында толығымен қа­на­ғаттанатындардың үле­сі 30% құрайды. 15,5% − қа­нағат­танбайды.

Мәліметтерге сәйкес, бар­­­лық жастағы топтардың өкілдері өзінің алған білі­міне қанағаттанады екен. Көрсеткіштер 79,6%-дан 84,8%-ға өзгеріп отырады.­ Қалай болғанда да, жас ерек­­шелігі үлкен болған сайын, қанағаттану деңгейі төмен, ең төменгі көрсет­кіш − 79,6% және ол 24-28 жас­тағы рес­понденттер тобында кездеседі. Қа­лада тұратын жас­тар­дың қа­на­ғаттану деңгейі – 83,4%. Ауыл жастарының көр­сеткіші 79,6%. 

Жастардың көзімен қа­ра­сақ, бүгінде білім беру са­ласындағы өзекті мәселе­лердің қатарына бі­лім алу құ­нының жоғары болуы, кадр­­­лардың тапшылығы, оқу орын­­дарын қаржыландыру дең­гейі­нің мардымсыздығы, содан туын­дайтын салдар ре­тінде әлсіз тех­никалық жаб­дықталу мен зама­науи оқу­лықтардың кемшілігі жа­тады. 

Аида СЫЗДЫҚОВА,

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы