Көзін байлап сурет салатын суретші

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде астаналық суретші Ренат Елубаев көзін жұмып сурет салатын ерекше өнерін ортаға салды. Кездесуді ұйымдастырған музей директоры Мирболат Ерсаевтың айтуынша, таңғажайып қабілетімен танылып жүрген суретшінің мұндай шоу-қойылымы Қазақстанда тұңғыш рет өтіп отыр. 

Егемен Қазақстан
19.02.2019 30
2

Қазақстан Суретшілер одағының мү­шесі Ренат Елубаев бұған дейін Ресейде өткен «Удивительные люди» телешоуына қатысып, көрерменді таңғалдырған еді. Су­ретші 2015 жылы Нью-Йорк (АҚШ) қа­ла­­сында өткен «New York Realizm fine art» халықаралық көрмесінің алтын медалін иеленіп, Белоруссияда өткен «Курши­нале-2015» халықаралық өнер олимпиадасында «Сурет өнері» аталымы бойынша бас жүлдегер, Италия, Армения секілді мем­лекеттерде халықаралық байқауларда жүлдегер атанған екен. Өзінің айтуынша, шетелдерге жиі шығып, өнерін көрсетуге қаржы тапшылығы қолбайлау болып жүр.

– Бұл менің Орал өңіріне алғаш рет аяқ басуым. Шетелдерге талай мәрте шақырумен барып жүрсем де, өз елімізде тұңғыш рет елеп шақырғаны, кездесу ұйымдастырғаны үшін оралдықтарға алғысым шексіз. Жалпы, бұл өнерді – көз жұмып сурет салуды әркім әрқилы қабылдайды. Сенімсіздік танытатындар да бар. Бұл ерекше қабілет – маған Алла Тағаланың берген ерекше сыйы деп есептеймін. Көзімді байлап қойып сурет салғанда оның сәтті шығуы көңіл күйге, айналамдағы адамдардың қабылдауына да байланысты. Бұл қабілетімнің қашанға дейін сақталатынын да білмеймін. Мүмкін бір-екі жылдан кейін, тіпті ертең де сурет сала алмай қалуым да ғажап емес, – дейді Ренат Қилыбайұлы.

Суретшінің айтуынша, түрлі телешоу­ларға шақырушылар көп болғанымен, оның бәрін қабыл ала бермейді. Өйткені көзін жұмып сурет салу тылсыммен жалғасып жат­қан жұмбақ құбылыс. Көпшілік алдында көр­сеткен осындай шоуда Ренат өзінің қат­ты қобалжып, шаршап қалатынын айтады. «Бұған көп күш, көп энергия кетеді» дейді суретші. 

Осы кездесуде Ренат Елубаев өзінің басты өнерін ортаға салды. Көзіне арнайы таңғышын киген соң жиналған жұрттың басым көпшілік даусымен жылқының суретін салып шықты. Екі қолына бірдей қылқалам ұстаған суретші бірер минут ішінде салт атты адамның нобайын шығарды. Өнер туын­дысы деуге келмесе де, жылқының суреті сәтті шықты деуге болады. Музей дирек­торы Мирболат Ерсаев бұл жұмыстың мұражай қорына алынатынын айтып, қылқалам шеберінің авторлық қолтаңбасын жаздыртып алды. 

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Egemen Qazaqstan»

Батыс Қазақстан облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.03.2019

Нұрлы шаһар мемлекет мерейін асыра берсін

25.03.2019

Қажыр-қайратқа халықтың қайтарымы

25.03.2019

Әділетті әрі дер кезінде қабылданған шешім

25.03.2019

Нұр-Сұлтан – жаңа бренд

25.03.2019

Тұңғыш сапар Түркістаннан басталды

25.03.2019

Елдік пен мемлекеттіліктің жаңа бренді

25.03.2019

Әз-Наурыз мерекесі тойланды

24.03.2019

Солтүстік Кореяның келесі қадамы қандай болмақ?

24.03.2019

Қ.Тоқаев Қазақстан - Ресей кездесуін тамашалады

24.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына келіп түскен жеделхаттар мен хаттар

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына келіп түскен жеделхаттар мен құттықтаулар

24.03.2019

Футбол: Қазақстан құрамасы Ресейден ойсырай ұтылды

24.03.2019

Куршад Зорлу: Түркі әлемінің Ақсақалы

24.03.2019

Нұр-Сұлтан қаласы. Астананың атауы өзгерді (видео)

24.03.2019

Алматыда дәстүрлі әндер кеші өтті

24.03.2019

Қаламқас кен орнында болған апат себептері анықталып жатыр

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Алик Шпекбаевты қабылдады

24.03.2019

Астана мен Алматы ТМД-да ең танымал қалалардың қатарына қосылды

24.03.2019

Елорда атауының өзгеруіне байланысты құжаттарды ауыстыру қажет емес

24.03.2019

Жетісудағы жетістіктер Үкімет басшысының назарына ұсынылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу