Қаржы • 19 Ақпан, 2019

«Бәйтерек» холдингі тұрғын үй бағдарламасына 28 млрд теңге бюджеттік кредит бөледі

707 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі АҚ Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы мен  «республикалық бюджет турлы» Заңына сәйкес, кредиттік тұрғын үй құрылысына бағытталған қаражаттың айналымдылығын қамтамасыз ету үшін 2019 жылы Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 28 млрд теңге көлемінде бюджеттік кредит бөлінетінін хабарлады.

«Бәйтерек» холдингі тұрғын үй бағдарламасына 28 млрд теңге бюджеттік кредит бөледі

Қаражат аталмыш банктің салымшыларына жылдық 5% бойынша бастапқы жарнасы 20%-дан 25 жылға дейін мерзімге несие беруге бағытталады. Бұл қаражат есебінен халыққа шамамен 186,7 мың шаршы метр тұрғын үйге қарыз беру жоспарланған.

Бұдан басқа, «республикалық бюджет туралы» Заңда 2019 жылы Қазақстанның Даму банкіне жалпы сомасы 10 млрд теңгеге бюджеттік кредит беру көзделген. Қаражат жеке тұлғаларға елімізде жасап шығарылатын жеңіл автокөлік сатып алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын қоспағанда, автокөлікті және арнайы мақсаттағы автотехниканы лизингтік қаржыландыруға бағытталады.

Естеріңізге сала кетсек, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мемлекеттік бағдарламасын бастағаннан бері 14 378 пәтер сатылды. Оның ішінде 2018 жылы 8724 пәтер сатылған.

Соңғы жаңалықтар