Қазақстан • 19 Ақпан, 2019

2019 жылдың қаңтарында елімізде 3 227 автокөлік шығарылған

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Олардың арасында жеңіл және жүк көліктері, автобус техникасы мен арнайы машиналар да бар. Бұл туралы «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы хабарлады.

2019 жылдың қаңтарында елімізде 3 227 автокөлік шығарылған

Есепті кезеңде Қазақстанда шығарылған көліктердің жалпы құны 21 млрд теңгеге бағаланып отыр. Жалпы, жеңіл автомобиль өндіру 52,3 пайызға өсіп, 3 109-ға жетті.

Қаңтарда отандық автозауыттар 2 389 көлікті өткізіп, бұл көрсеткіш былтырға қарағанда 79,4 пайызға жоғары болды. Жергілікті өндірістегі автомобильдерді сатып алуға тұрғындар 15,8 млрд теңге жұмсады.

Аталған мерзімде Қазақстанда құрастырылған жеңіл көліктердің арасында сұранысқа ие брендтердің бестігіне Lada (1 013 көлік), Hyundai (790), KIA (320), Chevrolet (71) және Skoda (47) енді. Отандық кәсіпорындар ұсынатын маркалардың тізімінде JAC (17) и Peugeot (2) бар екенін атап өткен жөн.