Қазақстан • 19 Ақпан, 2019

Ескі көлік өткізгендер 750 мың теңге көлемінде сертификат алады

594 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2019 жылдың 20 ақпанынан бастап пайдаланудан шыққан көлік құралын тапсыру кезінде көлік иесі 550 және 750 мың теңге көлемінде сертификат алады. Қазақстанда коммерциялық көлікті пайдаға асыру сертификатының көлемі 750 мың теңгеге дейін артты деп хабарлайды BNews.kz РОП операторы  баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ескі көлік өткізгендер 750 мың теңге көлемінде сертификат алады

ҚР Энергетика министрлігі 2019 жылы пайдаланудан шыққан көлік құралдарын қабылдау квотасының мөлшерін бекітті. Осы жылы РОП операторын жинау пункттері 25 мың жеңіл және коммерциялық көлік пен ескі автомобильдерді сатып алу бағдарламасы аясында тағы 25 мың жеңіл автомобильді жеңілдік сертификаты бағдарламасы бойынша қабылдай алады.

Сонымен қатар, салалық министрлік жүк және жолаушылар көлігін кәдеге жаратуға тапсыру кезінде жеңілдік сертификатының көлемін арттыруға келісті.

2019 жылғы 20 ақпаннан бастап пайдаланыстан шыққан көлік құралын (wats) тапсыру кезінде иесі ВЭЖС санатына байланысты 550 және 750 мың теңге көлеміндегі сертификат алады. Бұрын сертификаттың мөлшері 450 мың және 650 мың теңгені құраған еді. Ескі жеңіл автокөлікті кәдеге жаратуға тапсырғаны үшін жеңілдік сертификатының мөлшері бұрынғы күйінде қалады (315 мың теңге).

Көлік құралдарының санаттары бойынша жеңілдік сертификатының мөлшері

Бағдарлама сондай-ақ бір көлік құралын сатып алған кезде екі сертификатты жинақтауға және сертификатты екінші тұлғаға қайта тіркеуге мүмкіндік береді, бірақ екі реттен артық емес.

Жеңілдік сертификаттары бойынша пайдаланудан шыққан көлік құралдарын ( ЭБЖС) кәдеге жарату бағдарламасына түсетін көлік құралдарының модельдік қатарын «БИПЭК АВТО» сайтынан танысуға болады.

Хабарламада айтылғандай, жеңілдік сертификаттары бойынша ЭБЖ пайдалану бағдарламасы Қазақстанда 2017 жылдың 26 маусымынан бастап әрекет етеді. Осы уақыт ішінде қазақстандықтар 20 939 көлік құралын сертификаттарға айырбастады. Сондай-ақ, ескі автокөліктерді сатып алуды қарастыратын басқа бағдарлама аясында 67 052 жеңіл автокөлік қабылданып, халыққа 10 млрд 48 млн теңге көлемінде өтемақы төленді.

«ВЭЖС кәдеге жарату бағдарламасын іске асыру елдің автомобиль паркін жаңартуға мүмкіндік береді, экологиялық таза көлік құралдарының өндірісін ынталандырады және кәдеге жарату саласының инфрақұрылымын қалыптастыруға ықпал етеді», деп хабарлады баспасөз қызметі.