Аймақтар • 19 Ақпан, 2019

Ақын Бақытжан Қанапияновпен кездесу өткізілді

604 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетаудағы Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінде  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ақын Бақытжан Қанапияновпен кездесу кеші өтті.

Ақын Бақытжан Қанапияновпен кездесу өткізілді

Әдеби кеште ақынның сиясы кеуіп үлгермеген өлеңдері оқылып, сөзіне жазылған әндері шырқалды. Ақынның есімі Көкше жұртына жақсы таныс. Сөз өнерін қадір тұтатын жұртқа жақсы  танымал жерлес ақын  үш поэтикалық жинақтың құрастырушысы әрі қаламгерліктен бөлек  ақын  20-дан астам кинотуындының  авторы, әрі режиссері. Аталмыш білім ордасы осындай тұлғалармен кездесу кештерін ұйымдастыруды дәстүрге  айналдырған. 

– Бақытжан  Мұсаханұлы орыс тілді қазақ ақыны. Сондай-ақ,  әлемдік поэзияның  даму тенденциясы саласына еңбегі сіңген белгілі сыншылардың бірі,–дейді кездесу кезінде Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Нұртас Ахат.

Бақытжан Мұсаханұлының шығармашылығына арналған кеште ақынның жүрекжарды жырлары оқылып, ақын сөздеріне жазылған әндер шырқалды. Бұдан бөлек әсерлі кеште жастар ақынның шығармашылығымен, адами болмысымен  және рухани әлемімен жақын танысты. Кеш мақсаты да сол еді.  

Шығармашылық кеште колледждің білім алушылары ақынның шығармашылығымен тереңірек танысып, жыр отымен жылынды.

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Egemen Qazaqstan»