Қазақстан • 21 Мамыр, 2019

Никотиннің зиянын баламалы тәсілдер арқылы азайту

612 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кез келген инновациялық өнімнің адам өмірін жақсарту мен оның сапасын арттыруға бағытталатыны белгілі. Жаңа өнертабыстың пайдасы хақында көп сауалдың бар екені айдан анық, дегенмен технология жаңалықтарынсыз күнделікті өмірді елестету қиын. 

Никотиннің зиянын баламалы тәсілдер арқылы азайту

Мұндай «прогресс сыйларына» бүгінгі таңда үйреншікті кір жуғыш машиналары мен тоңазытқыштар, лифт пен автомобильдің қауіпсіздік көпшіктері, планшеттер мен смартфондар жатады.

Шылым өндірісі саласында да темекіні қыздырудың инновациялық жүйелері осындай жаңалыққа айналды. Бұл жүйені әзірлеушілер шылымды тұтынушы зиянды заттарды никотинмен емес, жану барысында түзілетін өнімдермен алады деген деректі басты орынға қояды. Себебі соңғы жылдардағы зерттеулер нәтижесінде, темекіні тұтынудағы жану процесін алып тастау арқылы зиянды 90-95 %-ға азайтуға мүмкіндік туып отыр. Бұл деректің өзектілігін шылым түтіні мен темекіні қыздыру жүйесін пайдалану кезінде бөлінетін заттарды салыстыра жүргізілген зерттеулер де растайды. Десек те, инновациялық жүйенің пайдаланылуы ағзаның биологиялық көрсеткіштеріне қалай әсер ететінін анықтау үшін одан да ұзақ зерттеулер талап етілетіні жасырын емес.

Дәл осы сипатта IQOS темекіні қыздырудың электр жүйесіне жүргізілген клиникалық зерттеулер оның пайдаланылуы ағзаға қалай әсер ететіндігі туралы хабар береді. Осы ретте «Филип Моррис Интернешнл» компаниясы Exposure Response Study (ERS – ағзаның әсер етуге реакциясын зерттеу) атты клиникалық зерттеуін IQOS темекіні қыздырудың электр жүйесіне қатысты бастаған болатын. Алты айға созылған кең ауқымды зерттеу нәтижелері IQOS-ты пайдалануға көшу кезінде тұтынушының клиникалық көрсеткіштері темекі шегуден толық бас тартқандай болатынын анық көрсетті.

ERS клиникалық зерттеуі АҚШ-тың 13 жетекші тәуелсіз медицина орталықтарын қамтыды және оған мыңдаған темекі шегушілер қатысты. Зерттеу тәртібіне сәйкес, олар кездейсоқ түрде екі топқа бөлінді: бірінші топ қатысушылары кәдімгі темекіні тұтынды, ал екінші топ қатысушылары IQOS жүйесін пайдалануға көшті. Зерттеу барысында 8 бағыт бойынша қауіп-қатерлер бағаланды. Олар негізінен темекі шегумен дәстүрлі түрде байланыстырылатын ауруларға сәйкес таңдалған болатын, атап айтқанда, жүрек пен өкпе аурулары. Сонымен бірге, қабыну мен тотығу сияқты ағзадағы процеске деген әсерлер де бағаланды.

Қорытындылай келгенде, зерттеу өзінің негізгі гипотезасын растады – IQOS жүйесін пайдалануға көшкен адамдар тобындағы барлық көрсеткіштердің динамикасы темекі шегуден толық бас тартқандай көрсеткіштерге сәйкес болды.

«Бұл зерттеулердің нәтижелері үміттендіретіні рас. Біз IQOS жүйесіне қатысты зерттеудің темекіні қыздыру жүйесін таңдаған адамдарға арналған түтінсіз өнімдердің төмендетілген қауіп-қатер әлеуетін тікелей бағалайтын, кең ауқымдағы алғашқы клиникалық тәжірибе екендігіне сенімдіміз. Соңғы нәтижелерге көз салсақ, олар қауіп-қатердің төмендету бағытын нұсқайды», – деп атап өтті ФМИ медициналық бөлімшесінің басшысы Фрэнк Люэдик.

Жалпы, ғылыми қауымдастық тарапынан баға алу үшін зерттеу нәтижелері әр түрлі халықаралық ғылыми конференциялар мен форумдарда назарға ұсынылған болатын.

Соңғы жаңалықтар