Қазақстан • 20 Ақпан, 2019

Бүгін Қазақстанның бірнеше облысында жауын-шашын күтіледі

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20 ақпан күні Қазақстан аумағымен фронталды бөліктердің өтуіне байланысты күн райы құбылмалы болып, жауын-шашын күтіледі. 

Бүгін Қазақстанның бірнеше облысында жауын-шашын күтіледі

Оңтүстік өңірлерде жауын-шашын қатты жауатыны болжанады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, екпінді жел болады.

Атап айтқанда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, 25 м/с жылдамдыққа дейінгі жел күтіледі.  

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, таңертең және күндіз желдің күші 15-20 м/с дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, 15-20 м/с екпіндегі жел, түнде кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, 15-20 м/с жылдамдықта жел болады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, 15-20 м/с күшпен жел соғады.

Түнде Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, күндіз жел 15-20 м/с бақыланады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, жел 18 м/с күтіледі.

Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында жел 18-23 м/с дейін күшейеді.