Қазақстан • 20 Ақпан, 2019

Астананың қоғамдық көлігі: ұтқырлық – жолаушылар жайлылығының негізгі элементі

472 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана әлемнің басқа ірі қалалары сияқты, тиімді логистикалық тұжырымдаманы енгізуде, деп мәлімдеді қала әкімі Бақыт Сұлтанов тұрғындарға есеп беру кездесуінде. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Астананың қоғамдық көлігі: ұтқырлық – жолаушылар жайлылығының негізгі элементі

«Менің ойымша, қолданыстағы маршруттарды оңтайландыру – бұл қоғамдық көліктің жұмысын жақсартудың ең тиімді тәсілі.  Өткен жылы төрт жаңа бағдар ашудан басқа біз қолданыстағы 11 схеманы өзектендірдік, қоғамдық көліктің қозғалыс интервалы 30% - ға қысқартылды», – деді әкім.

Сонымен қатар, жолаушыларға ыңғайлы болу үшін қаланың шеті мен орталығын байланыстыратынн 20 тікелей бағдар қызмет көрсетуде. Жақын арада жаңа магистральдық экспресс-бағыттар іске қосылады. Бүгінгі таңда қалалық автобус паркі 70% - ға жаңартылды, жақын арада газбен жүретін тағы 80 автобус сатылып алынады деп жоспарлануда, пилоттық режимде электробус іске қосылды. Қала әкімі жылы аялдамалардың алғашқыда сынға ұшырағанын, кейін тұрғындар олардың қажеттігін түсінгенін еске салды.

Өткен жылы Астанада бюджет және МЖӘ есебінен осындай 74 аялдама орнатылған, болашақта олардың саны ұлғайтылады деп жоспарлануда. Көліктік карта жүйесі өзінің тиімділігін дәлелдеді. Қазіргі уақытта оларды жолаушылардың 96% пайдаланады. Көлеңкелі айналымнан табыстың 30% шықты.

Үлкен деректерді талдау қалалық жоспарлаудың ажырамас бөлігіне айналды. Қолма-қол ақшасыз ақы төлеуді енгізу 670 мың тұрғынның күн сайын қайда және қалай бара жатқанын түсінуге мүмкіндік берді. Бұл бізге көлік жүйесінің нақты экономикалық моделін болжауға және бағыттарды оңтайландыру мен сәулеттік шешімдер  қабылдауға мүмкіндік береді.