Жас журналистер клубы құрылды

Түркістан облысының ақпарат саласында айтулы оқиға болды. Көне шаһарда орналасқан еліміздің іргелі оқу орындарының бірі Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Қазақстан Журналистер jдағының Түркістан облыстық филиалының арасында өзара ынтымақтастық туралы  меморандум түзілді. Осы маңызды құжатты жүзеге асырудағы алғашқы қадам – филиалдың жанынан жас журналистер клубының құрылуы болды. Қазірдің өзінде оның мүшелігіне 42 талантты жас қабылданды.

Егемен Қазақстан
20.02.2019 112
2

Бүгінгі таңда университетте  журналистика мамандығы бойынша  100-ге жуық  студент тәлім алуда.  Түркі әлемінің рухани астанасы саналатын Түркістан шаһарын түлетуде ақпараттық саланың алар орны ерекше екені даусыз. Халықаралық университеттің ректоры   Болатбек Абдрасилов сапалы кадрларды даярлау ісіндегі оң өзгерістердің орын алып жатқанын айта келе, осы меморандум аясында жемісті жұмыстардың атқарылатынына сенім білдірді. «Түркістанның түлеп, түрлене түсуінде бұқаралық  ақпарат құралдары айрықша маңызға ие, себебі шаһардағы оң өзгерістер жайлы жағымды жаңалықтарды елмен бірінші кезекте журналистер бөліседі.

Сондықтан студенттеріміз үшін тәжірибе алмасып, білікті кадр ретінде қалыптасуы үшін барынша атсалысуымыз қажет. 

«Білім» туралы заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, теориялық сабақтардан гөрі практикаға  басымдық беріп, студенттердің түрлі ақпарат құралдарында тағылымдамадан өтуіне жағдай жасалатын болады.  Осы тұрғыда Қазақстан журналистер одағының облыстық филиалымен арада түзілген меморандумға артар үмітіміз мол», - деп ой бөлісті университеттің ректоры Б.Абдрасилов. 

Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ғалымжан Елшібайдың айтуынша, екіжақты келісімнің аясында алдағы уақытта жастардың шығармашылығын шыңдау мақсатында   шеберлік сыныптары, тренингтер, форумдар мен басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады.  Студенттердің елдегі ең беделді ақпарат құралдарында практикадан өтуіне, жастар тарапынан ұсынылған медиажобаларды жүзеге асыруға Журналистер одағы тарапынан барынша қолдау көрсетілмек. Бүгінгі таңда оқу ордасындағы журналистика саласын мейлінше дамыту бағытында бірқатар жоба жүзеге асырылуда.

Алдағы уақытта университетте радио және телестудия өз жұмысын бастамақ.  Жастар аудиториясына арналған  «Яссауи.FM» радиосын ашу бағытында да қадамдар жасалуда.

Сонымен қатар университет пен «Оңтүстік» телеарнасының арасында да өзара ынтымақтастық жайлы меморандумға қол қойылды.  Бұл Түркістан өңіріндегі теледидар саласы үшін қажетті білікті кадрларды даярлаудағы маңызды қадам ретінде бағалануда.

 

Нұршат ТӨКЕН,

«Egemen Qazaqstan»

Түркістан

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.03.2019

Қ.Тоқаев Қазақстан - Ресей кездесуін тамашалады

24.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына келіп түскен жеделхаттар мен хаттар

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына келіп түскен жеделхаттар мен құттықтаулар

24.03.2019

Футбол: Қазақстан құрамасы Ресейден ойсырай ұтылды

24.03.2019

Куршад Зорлу: Түркі әлемінің Ақсақалы

24.03.2019

Нұр-Сұлтан қаласы. Астананың атауы өзгерді (видео)

24.03.2019

Алматыда дәстүрлі әндер кеші өтті

24.03.2019

Қаламқас кен орнында болған апат себептері анықталып жатыр

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Алик Шпекбаевты қабылдады

24.03.2019

Астана мен Алматы ТМД-да ең танымал қалалардың қатарына қосылды

24.03.2019

Елорда атауының өзгеруіне байланысты құжаттарды ауыстыру қажет емес

24.03.2019

Жетісудағы жетістіктер Үкімет басшысының назарына ұсынылды

24.03.2019

Қазақстан және Ресей матчы 20:00-де басталады

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

24.03.2019

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

24.03.2019

Қ.Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қабылдады

24.03.2019

Самбошы Бағлан Ибрагим – Әлем кубогының иегері

24.03.2019

Мұрат Нұртілеуов Президент көмекшісі болып тағайындалды

24.03.2019

М.Тәжин Мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалды

24.03.2019

Б.Сағынтаев жаңа лауазымға тағайындалды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу