Омыртқа қарсаңындағы оғаш әңгіме

Егемен Қазақстан
21.02.2019 26
2

Қай шаруасын болсын кешеуілдетіп қаузайтын ағайын­ның қысқы соғымнан дәм татыруы наурызға дейін созылып кететіні бар. Таяуда ел ақсақалы санатындағы сыйлы ағамыздың бірі телефон шалған. Шаруасы – қазақтың дәстүрлі әндерін нәшіне келтіре орындайтын әрі сол әндердің тарихынан әріден қаузап сыр шерте алатын өнерпаз болса дейді. Үл­кен кісінің өтінішін аяқсыз тастау ұят. Қабыл алғанбыз. Іздедік. Іздегенімізді таптық та. Қазір өнер адамдарының осындай жиын-тойда аз-мұз тиын-тебен табатынын елдің бәрі біледі ғой. Үлкен қалалардағыдай атақ-даң­қы жер жарған айтулы ән­шілердей емес, біздегі өнер­паздардың бәсі белгілі. Іле хабарласып едік, Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбы­рай әндерін нәшіне келтіре орындайтын жігіт ағасы ке­лісімін берді. Ән айтып қана қоймай, үй иесінің жөн сілтеуіне орай кезек-кезек сөз беріп, омыртқаның өңін кіргізіп басқарып та бермек.

Сол еңбегіне сұрайтыны 25 мың теңге. 

Шаруасын тындыр­ға­ным­ды ағама жеткіз­генмін. Қуа­нудың орнына күмілжіп қал­ды. Қым­бат екен деді. 

– Арзаны табылмай ма?! – деп сұрады ағам құтты бір хан базардың ортасында жүр­гендей, – тағы да із­деп көр­сең қайтеді. Әлде үйге бар­ған соң қабырғаммен кеңе­сейін бе? Жасыратын еш­теңе жоқ, әне бір дөкей бас­тық болып істейтін іні­шекті де ша­қыр­ғанмын. Ол өзі қымбат арақ ішеді. Бөтелкесі 250 мың теңге. 

– Ондай да арақ бола ма? – деп сұраппын мен.

– Болғанда қандай, – деді ағам, – сен өзі түк білмейді екен­­сің ғой. Әлгі әншінің қыз­­меті қымбат деп тұрғаным сол ғой. 

Иә, ағам айтса айтқандай. Төл өнерімізді бағалай алмай жүргеніміз де осыдан-ау.

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Egemen Qazaqstan»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.03.2019

Қостанайдың аудандары мен қалаларында елорданың жаңа атына орай акция өтті

26.03.2019

Қостанай облысында полицейлер азаматтық алып берді

26.03.2019

Сенат Төрағасы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Мамандар Қаламқастағы апат зардабын өрт ауыздықталған соң анықтамақ

26.03.2019

«Қаламқас» кен орнындағы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды

26.03.2019

Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды

26.03.2019

Мен кешегі шалдарды түгел көрдім

26.03.2019

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

26.03.2019

Сенат комитетінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралызаң жобалары қаралды

26.03.2019

Ақтамберді жыраудың басына кесене орнатыла ма?

26.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Ержан Жылқыбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

26.03.2019

Алмат Мадалиев Әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды

26.03.2019

#NurOtanTrends пікірталас алаңының кезекті отырысы өтті

26.03.2019

Францияның Бас Консулдығы «Франция мәдениеті» байқауын ұйымдастырды

26.03.2019

Алматыда алғашқы «Қыз Жібек аруы» байқауы өтті

26.03.2019

Академик Асқар Жұмаділдаев жасырған есебін шығарған СДУ студентіне 100 доллар сыйақы берді

26.03.2019

Байқау жеңімпаздары оңтүстікті аралайды

26.03.2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Алматы қаласына барды

26.03.2019

Нұр-Сұлтан – Токио бағытында рейс ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу