Н.Нығматулин Аустрия Парламенті Ұлттық кеңесінің төрағасы В.Соботкамен кездесті

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Аустрия Республикасына ресми сапары барысында Аустрия Ұлттық кеңесінің төрағасы Вольфганг Соботкамен келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында тараптар Қазақстан Тәуелсіздік алған күннен бастап екі ел арасында сындарлы және тұрақты байланыс орнағанын атап өтті. 

Егемен Қазақстан
21.02.2019 12
2

Мәжіліс төрағасының пікірінше, Аустрия - Қазақстан үшін Еуропалық Одақтағы негізгі әріптестердің бірі, сондықтан елдер арасындағы екі жақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдету маңызды. Н.Нығматулин атап өткендей, қос мемлекет басшыларының ресми сапарлары жан-жақты ықпалдастықты күшейтудің берік іргетасын қалады.

Қазіргі уақытта екі ел арасындағы сауда айналымы бір миллиард еуроны құрайды. Бүгінде Қазақстан Аустрия аймағындағы ең маңызды сауда серіктесі болып табылатыны сөзсіз дей келіп, Ұлттық кеңес төрағасы Вольфганг Соботка елдер арасындағы саяси диалогты одан әрі арттыруға ниетті екенін жеткізді. Өткізілген келіссөздер барысында Н.Нығматулин мен В.Соботка бейінді комитеттер мен ынтымақтастық жөніндегі топтар деңгейінде парламентаралық өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуды, заңнамалық тәжірибе алмасу жөнінде маңызды келісімдерге қол жеткізді.

Сонымен бірге, сауда-экономикалық байланыстар, инновация, экономиканы цифрландыру, «жасыл технология», туризм, ауыл шаруашылығы мен мәдени-гуманитарлық саланың әлеуеттік бағыттарын заңнамалық сүйемелдеудің маңыздылығына назар аударылды. Мәжіліс төрағасының айтуынша, бүгінде Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтасты және әріптестікті кеңейту туралы Келісімнің әлеуеті зор. Бұл келісімді Аустрия Республикасы да ратификациялады. Сондай-ақ, спикерлер халықаралық және парламентаралық ұйымдар арасында байланысты нығайту туралы да келісімге келді.

Оған қазақстандық Парламент өкілдерінің ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы қызметіне белсене араласуы және Аустриялық әріптестермен етене іс қимыл жасауы оң ықпалын тигізеді. Осы ретте В.Соботка:

- ЕҚЫҰ-ға мүше болуымыз біздің қатынасымыздағы ең мықты тетік ретінде бағалаймын, - деді.

Қазақстанның біраз уақыттан бері халықаралық қоғамдастықтың толық мүшесі ретінде табысты жұмыс істеп келе жатқаны да қызығушылық туғызады. Оған мысал ретінде, 2010 жылы Астанада өткен ЕҚЫҰ саммитін және Аустрия елі де қатысқан ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін атап өтуге болады. Өз сөзінде В.Соботка Еуропалық Одақтың жаңа Стратегиясы Орталық Азия үшін Қазақстанмен ынтымақтастықта әлеуеттерді бағындыруға мүмкіндік береді дей отырып, тұрақты даму мен жастар мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Осыған байланысты, Мәжіліс төрағасы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған ауқымды бастамаларына айрықша назар аударды. Жастардың заманауи рөліне тоқталған Мәжіліс Спикері осы жылдың қаңтар айында Қазақстанда «Жастар жылы» ашылғанын атап өтті.

- Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев білімді жастар елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігінің басты факторы екенін айтты. Бүгінде біздің еліміз цифрлы технологиялық дамуға батыл қадам жасауда. Сондықтан жастарды қолдау жөніндегі кешенді шаралар мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып табылады», - деді Н.Нығматулин.

Кездесу соңында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Аустрия Парламенті Ұлттық кеңесінің төрағасы Вольфганг Соботканы 2019 жылғы 23-24 қыркүйекте Астана қаласында өтетін Еуразия елдері Парламенттері төрағаларының төртінші отырысына қатысуға шақыру хатын табыстады. Н.Нығматулиннің айтуынша, бұл қазақстандық және аустриялық Парламент өкілдерінің арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.03.2019

Елордада Наурыз мерекесі тойланды

21.03.2019

«Астана Опера» Наурызды жаңа форматта атап өтті

21.03.2019

Біз астаналықтар болып қала береміз - Бақыт Сұлтанов

21.03.2019

Таразда сауықтыру орталығы ашылды

21.03.2019

Әулиеатадағы әсерлі мереке

21.03.2019

Тараз қаласында жастарға арналған аллея ашылды

21.03.2019

Ономастикалық комиссия көше атауларының өзгеруін қолдады

21.03.2019

Назарбаев пен Тоқаев Наурыз мейрамына қатысты

21.03.2019

Наурыз мейрамын ЮНЕСКО-да атап өтті

21.03.2019

Наурыз мейрамында шаңырақ көтерген жастарға Нұрсұлтан Назарбаев ақ батасын берді

21.03.2019

Астанадағы Наурыз тойына Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты

21.03.2019

Президент кеңсесіне жаңа басшы келді

21.03.2019

Ерлан Баттақов Президенттің іс басқарушысы болып тағайындалды

21.03.2019

Футбол: Бүгін Шотландияға қарсы ойнаймыз

21.03.2019

Мәнерлеп сырғанау: Алғашқы жүлдегерлер анықталды

21.03.2019

Көкшетаудағы Максим Горький көшесі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы болып өзгерді

21.03.2019

Талдықорғандағы Тәуелсіздік көшесінің атауы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін иеленді

21.03.2019

Кәсіпкер көпбалалы отбасына 3 бөлмелі пәтер сыйлады

21.03.2019

Астана маңындағы елдімекендерде Наурыз мейрамы тойлануда

21.03.2019

Ақтөбеде Әбілқайыр хан даңғылы Нұрсұлтан Назарбаев көшесі болып өзгертілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу