Аймақтар • 21 Ақпан, 2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінде жауынгерлік атыстар өтті

585 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бөлімшелердің далалық машықтығы мен үйлесімділігін жетілдіру мақсатында Маңғыстау облысының «Оймаша» және Ақтөбе облысының «Есет батыр» оқу полигондарында  жауынгерлік ұрысқа барынша жақындатылған жағдайларда взводтардың жауынгерлік оқ атулары өтуде.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінде жауынгерлік атыстар өтті

Взводтардың жауынгерлік атыстарына мотоатқыш және теңіз жаяу әскері бөлімдері қатысуда, ал оларға қолдау ретінде танк және артиллерия бөлімдері берілді. Взводтардың жауынгерлік оқ атуларын өткізу кезінде негізгі назар дұрыс тактикалық іс-қимылдарға, ұрыста қаруды шебер әрі тиімді пайдалану және бөлімшелердің атысын басқару, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға аударылады. Жауынгерлік оқ атуларды өткізу үшін әскери бөлімдердің үздік әдіскерлері оқу-жаттығу полигондарында жерүсті және әуе межелері бойынша қарудың барлық түрлерінен оқ атуды жүргізуді, түнгі көздеуіштерді қолдана отырып, түнде оқ атуды, сондай-ақ қол гранаталарын лақтыруды көздейтін жағдай жасады.

Күрделі климаттық жағдайларда взводтардың жауынгерлік оқ атуларын қамтамасыз ету үшін жерүсті және әуе нысаналары, жеке қорғаныс құралдарында жекелеген межелер бойынша атысты жүргізу, жаяу әскердің жауынгерлік машиналарының, броньды транспортерлардың, БТР-да орнатылған оқшашарлардың бойницалары арқылы оқ атудың жүргізілуін, түнгі көздеуіштерді қолдана отырып, оқ атуды, сондай-ақ қол гранаталарының лақтырылуын көздейтін шынайы жауынгерлік жағдай жасалды.

Сабақтар бөлімшеге жүктелген тапсырмаларды ескере отырып, күндізгі және түнгі уақытта шабуылдауда, қорғаныс пен арнайы әскери іс-қимылдарда взводтың іс-әрекеттерін үлгілейтін тактикалық дайындық тақырыптары бойынша өткізілуде.

Взводтардың жауынгерлік оқ атулары ағымдағы жылғы наурыз айының басында аяқталады.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Egemen Qazagstan»

Маңғыстау облысы