Аймақтар • 22 Ақпан, 2019

БҚО құтқарушылары 5 айлық сәбиді құтқарды

314 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2019 жылдың қысы Батыс Қазақстан облысының тұрғындары үшін өте қарлы болды. «Қазгидромет» РМК мәлімдегендей облыстың кейбір аудандарында биылғы жылы қардың биіктігі орташа көпжылдық мәннен 1,5 еседен 3 есеге дейін жоғары. 2019 жылдың басынан бастап облыста 12 дауылды (қатты желді) алдын ала ескерту жарияланды, Батыс Қазақстан облысының аумағында жиі болатын бұрқасындар мен борандарға байланысты қардың көптеп жаууы салдарынан 72 рет жол жабылды. Батыс Қазақстан облысы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы баспасөз қызметі хабарлады.

БҚО құтқарушылары 5 айлық сәбиді құтқарды

Осыған байланысты, құтқарушылар қар құрсауында қалған азаматтарды құтқару үшін жиі шығады. Мәселен, жылдың басынан бері 809 адам құтқарылды, 182 адам эвакуацияланып, 380 автокөлік сүйреп шығарылды.

БҚО Бәйтерек ауданында орын алған оқиға біздің құтқарушылардың жанкештілігінің айқын үлгісі.

Мәселен, 21 ақпанда сағат 12.05-те БҚО ТЖД бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет басқармасының «112» номеріне Бәйтерек ауданы Шалғай (Переметное ауылынан 41 км) ауылдық округінде кішкентай сәби ауырып тұрғаны және ауылға баратын жолдарды қар басып қалғандығы туралы хабарлама түсті.

Шақыру түскеннен кейін Шалғай а. жол жоқтығына байланысты Бәйтерек ауданының ТЖБ қызметкері, азаматтық қорғау капитаны Николай Сламихин елді мекенге тез арада жетуге шешім қабылдады. Осы мақсатта БҚО ТЖД ЖҚЖ құтқарушылары Тлегенов Батыр мен Карабасов Азилхан және 1 бірлік техника (ТРЭКОЛ жол талғамайтын көлігі) тартылды.

Елді мекенге жеткен соң Бәйтере ауданының ОАА-сына 2018 жылы туылған азамат И.В. Кашманов және 1990 жылы туылған оның анасы Ю.И.Кашманова жеткізілді. Жетісімен оларды медициналық мекеме қызметкерлеріне тапсырды. Қазіргі сәтте сәби дәрігердің бақылауында.