Технология • 22 Ақпан, 2019

Galaxy S10 телефоны 8 наурыздан сатылымға шығады

495 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Samsung компаниясы көктемнен бастап бірқатар жаңа телефонын сатылымға шығарады. Galaxy S10 флагмандық нұсқасының бірнеше түрі ұсынылады.

Galaxy S10 телефоны 8 наурыздан сатылымға шығады

Galaxy S10 – негізгі моделі, ал оның ұлғайтылған нұсқасы Galaxy S10+, сонымен қатар 1 Тб ішкі жадысы бар керамикалық үлгісі мен Galaxy S10e жалпақ экранды шағын корпусты нұсқасы сатылымға енеді.

Айта кету керек, тұтынушылар Galaxy S10 телефонын дисплейі, камерасы және өнімділігі секілді инновациялық бағыттарын жоғары бағалап отыр.

Galaxy S10 шығарылымы жаңа технологиялық дамытылған Dynamic AMOLED дисплейімен, жаңа буын камерасымен және интеллектуалды функциялармен жабдықталған.

Galaxy S10 экранында, тері пішінін үш деңгейде анықтайтын, саусақ іздері арқылы жұмыс істейтін ультрадыбыстық сканер орнатылған. Нейронды процессорлы, аса тұрақтандырғышы бар және өте кең объективке ие жаңа жүйелі камералар арқылы кәсіби фото және видеолар түсіруге болады. Ақпарат технологиясы тұтынушылардың әдеттерін зерттеп, функциялардың тиімділігін арттыра отырып, смартфондардың жұмысын оңтайландыруда.

Қазақстанда Galaxy S10 смартфондарына алдын ала тапсырысты 21 ақпаннан 6 наурызға дейін жасауға болады. Алғашқылардың бірі ретінде тапсырыс бергендер Galaxy Buds сымсыз құлаққаптарын сыйға алады. Ол үшін арнайы сайтта көрсетілген ақпарат бойынша алдын ала төлемді жүзеге асыру қажет. Ресми сатылымдар 8 наурыздан басталады. Алдын ала тапсырыс бойынша сатып алушылар құрылғыларға 2 наурыздан бастап ие болады.

Сондай-ақ ішкі жадысы 1 Тб және жедел жады 12 Гб, сериясы шектеулі (1000 дана) GalaxyS10+ керамикалық нұсқасын сатып алуға мүмкіндік бар. Арнайы серияны тапсырыспен алу қарастырылмаған. Бұл смартфондарды негізгі модельдердің сатылымынан кейін ғана алға болады.

Жаңа тауарлар «аквамарин», «оникс» және «перламутр», сондай-ақ, «қара керамика» мен «ақ керамика» (Galaxy S10+ керамикалық нұсқасы) түстерінде қолжетімді.

Алдын ала тапсырыс жасау үшін мында басыңыз.