Қазақстан • 22 Ақпан, 2019

Биыл Ақтөбе облысында 15 жаңа мектеп салынады

865 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысында өңірдегі үшауысымды мектептерді жою шараларының кешені жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі таңда Ақтөбе қаласындағы алты мектеп пен облыс аудандарында орналасқан жеті мектепте сабақтар үш ауысымда оқытылады. Айта кету керек, бір жылдың ішінде үш ауысымдағы мектептер саны сегіз бірлікке азайды. Бұл жаңа оқу ғимараттарының көптеп салынуының арқасында мүмкін болды.

Биыл Ақтөбе облысында 15 жаңа мектеп салынады

Тек соңғы үш жылдың ішінде облыста 48 жаңа мектеп пайдалануға берілген. Олардың ашылуы үш ауысымдық оқыту мен  27 мектептегі орындар тапшылығы мәселесін күн тәртібінен бірден алып тастады, апаттық жағдайда тұрған және ескі тоғыз мектепті, саманнал салынған 12 мектепті жоюға мүмкіндік берді. Биыл 15 жаңа мектептің құрылысы аяқталады.

Жаңа білім беру нысандарының арасында ерекшелері де бар.

Мәселен, дарынды балаларға арналған «Әсем» оқыту-танымдық орталығы. Оның бірегейлігі балаларды оқудан үзбей-ақ жыл бойы жұмыс жасауында. Мұнда бала тек денсаулығын түзеп, иммунитетін нығайтып қана қоймайды, сонымен қатар, қажет білім, жаңа әлеуметтік тәжірибе алады. Оқу корпусы ультра  заманауи зертханалармен және оқу аудиторияларымен жарақтанған. Оқытуды мектептер мен жоғары оқу орындарының жетекші оқытушылары, сондай-ақ әртүрлі салаларда табысқа қол жеткізген көрнекті тұлғалар жүргізеді.

Сондай-ақ, орталық аумағында үш жатын корпусы, жастар орталығы, спорттық алаңдар, жеңіл атлетикамен айналысатын база, хауыз бен т.б. орналасқан.

Жыл бойы орталықта екі апталық тақырыптық ауысымдар өтеді. Әрбір ауысым алдыңғыларынан бағдарламасының мазмұны бойынша ерекшеленеді, сондықтан балаларға лагерьге бірнеше рет барған қызық. Ай сайын мұнда республика мен шетелдерден 10-16 жас аралығындағы 300-ге жуық бала қабылданады.

Тағы бір назар аударарлық нысан - «Сымбат» жеке физика-математика мектебі жанындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат.Интернат, ең алдымен, ауылдық жерлерден келетін балаларды тегін оқыту үшін ашылған болатын. 85 бала мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында оқиды, тағы 15 грантты мектеп құрылтайшылары балалардың оқуы мен тұруына бөлді. Бүгінде бұл Қазақстандағы мемлекеттік-жеке серіктестік аясында жүзеге асырылған осындай жалғыз жоба.  

Жалпы 2020 жылға қарай Ақтөбе облысындағы апаттық мектептер мен үшауысымдық оқыту мәселесін толықтай жою жоспарланып отыр.