Аймақтар • 22 Ақпан, 2019

Жастар кәсіпкерлігіне арналған «Jas Business» семинары өтті

470 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «НұрОтан» партиясы аудандық филиалы ғимаратында қалай кәсіпкер болуға болады тақырыпта жастарға түсінік беру мақсатында «Jas Business» семинары өтті.

Жастар кәсіпкерлігіне арналған «Jas Business» семинары өтті

Семинарға «Атамекен» палатасы аудандық филиалы директоры Б.Джумагулова, «Бизнес бастау» бағдарламасына қатысып несие алып, бүгінде жеке кәсіпкер атанып отырған Ж.Абдрешевалар қатысып, кәсіпкерлік саласында ой өрбітті. Бүгінгі таңдағы ауданға ең қажетті кәсіп көздері, мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер мен гранттар, кәсіпкерлік саласындағы кепілдіктер сынды тақырыптар сөз етіліп, табыс табудың жолдары түсіндірілді.

Осындай кездесулер ауданның Саралжын, Бөрлі ауылдарында да ұйымдастырылды. Алда да жалғасын таба бермек.

Ернар Шәкенов

Сайқын ауылы