Аймақтар • 23 Ақпан, 2019

Майқайың кентінде өрт сөндірушілер газ толы баллондарды алып шықты

621 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кенттегі тұрғын үйлердің бірінде өрт орын алды. Жедел жеткен өрт сөндірушілер  өрттің  дереу таралуын анықтады.

Майқайың кентінде өрт сөндірушілер газ толы баллондарды алып шықты

Облыстық Төтенше  жағдайлар департаменті Өрт  қауіпсіздігін бақылау  бөлімінің хабарына қарғанда, кенттегі №29 өрт сөндіру бөлімінің «101» пультіне сағат 17.15-те жеке меншік үйде өрт шыққаны жайлы хабарлайды. Оқиға орнына 4 өрт сөндірушісі бар бір бөлімше жіберілді.

Үй иесі сол жерде болған және үйде газ баллондары бар екенін ескертеді.

Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына  жарылыс қаупі мүмкін екендігі туралы хабарланады.

Өрт сөндірушілер кіші сержант А. Колокольников және қатардағы жауынгер Д. Макаров үйден сыйымдылығы 27 литрлік алты баллон мен 50 литрлік бір газ баллондарын сыртқа  шығарып үлгереді.

Жарылыс пен өрт жалыны көрші үйлерге және шаруашылық құрылыстарға тарауының алдын алды.

Үй иесінің айтуынша, өрттің шығуына газ баллонын ауыстыру кезінде газ-ауа қоспасының тұтануы себеп болған.

Кент өрт сөндірушілерінің батылдығы мен бірлескен жұмыс барысында  өрт сөндіріліп, баллондар дер кезінде сыртқа  шығарылып,  жарылысқа тосқауыл қойылды.

Кіші сержант  Артем Колокольников бөлімшенің қоғамдық өміріне, сондай-ақ, гарнизонда өткізілетін барлық спорттық іс-шараларға белсенді қатысады. 

Департаменттің  Өрт  қауіпсіздігін бақылау  бөлімі ақпан айының  10 күнгі өрт оқиғасында батылдық көрсеткен  өрт сөндірушілерімен мақтана алады.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар облысы