Қазақстан • 25 Ақпан, 2019

Қазақстанда 13 интернет-ресурстың жұмысы 16 сағатқа уақытша тоқтатылады

522 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 13 интернет-ресурстың жұмысы 16 сағатқа уақытша тоқтатылады, деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметінен. Бұл туралы КазТАГ ақпараттық агенттігі хабарлады.

Қазақстанда 13 интернет-ресурстың жұмысы 16 сағатқа уақытша тоқтатылады

«Келесі интернет ресурстар қолжетімсіз болады: «Электрондық үкімет» порталы; «Мобильді үкімет» қосымшасы; «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры; «Тауарларды таңбалау» сервистік бағдарламалық өнімі»; «Монополист» базасы сервистік бағдарламалық өнімі; Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің сайты; Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайты; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің сайты; Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің сайты; Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің сайты; Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайты; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің сайты; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Сайты», - делінген сенбідегі хабарда.

Хабарда атап өтілгендей, бұл 2019 жылғы 23 ақпандағы сағат 21:00-ден бастап 24 ақпандағы сағат 13:00-ге дейін мемлекеттік органдардың Серверлік орталығында орналасқан телекоммуникациялық жабдықтарда жоспардан тыс жұмыс жүргізілуімен байланысты.