Аймақтар • 25 Ақпан, 2019

Жаңа көпір - қолайсыздықтардан құтқарады

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Шіркейлі» каналы арқылы салынатын көпірдің ұзындығы 102,8, ені 20,9 метрге жетеді.

Жаңа көпір - қолайсыздықтардан құтқарады

Облыс әкімі Қ.Көшербаевтың есепті кездесуінде айтылған көпір биыл пайдалануға беріледі. Оның маңыздылығы Қызылорданың сол жағалауын «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автомагистралімен жалғап қана қоймай, ұзын жол бойында отырған ауылдарға жететін қашықтықты ондаған шақырымдарға қысқартады. Құны 838,681 млн. теңге болатын көпірді қарағандылық «Сервис НС» серіктестігі салып жатыр. Серіктестік директоры Асылбек Қалышев барлық жұмыстардың кестеге сәйкес жүріп жатқандығын айтады.

Яғни, облыс үшін аса маңызды көпір пайдалануға берілсе көптеген күрмеулі мәселелер шешімін таппақ.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы