Күрес • 25 Ақпан, 2019

Еркін күрестен Қазақстан командасы бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізді

544 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еркін күрестен Қазақстан командасы Алматы облысындағы АІВА базасында бірлескен оқу-жаттығу жиынын аяқтады. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Еркін күрестен Қазақстан командасы бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізді

АІВА академиясында өткен жаттығу жиынына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь және Литва ұлттық құрамалары қатысты. 

«Шымкенттегі ел Спартакиадасы аяқталған бетте-ақ жаттығу жиындарын бастап кеттік. Жиынға бес ел спортшылары қатысып, балуандар бір-бірімен тәжірибе алмасты. Жыл басында шетелдіктермен бірлесіп дайындық өткізу спортшылар үшін де қолайлы. Болашақ қарсыластарының қыр-сырын біліп, шеберліктерін арттыра түседі. Енді біз Болгарияда өтетін халықаралық турнирге аттанамыз», - дейді еркін күрестен команда бас бапкері Әсет Серікбаев. 

Еске сала кетейік, күрес түрлерінен Қазақстан командасы 27 ақпан - 4наурыз аралығында Болгарияның Русе қаласында өтетін «Dan Kolov-Nikola Petrov» турниріне қатысады.