Аймақтар • 25 Ақпан, 2019

Азалы анаға жаңа пәтер берілді

1104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев Ақсуат ауылдық округінің тұрғыны Жәмилә Сәдуоваға жаңа пәтердің кілтін табыстады.

Азалы анаға жаңа пәтер берілді

«Жабырқағанның жанынан табылу, шарасызға көмек қолын созу, қайырымдылық жасау – халқымыздың қанына біткен асыл қасиеттердің бірі. Өздеріңіз білесіздер, осыдан бірер ай бұрын, үш бірдей бүлдіршінімізден қапияда көз жазып қалдық. Бұл қайғылы жағдай тек бір отбасының ғана емес, тұтас елдің қабырғасын қайыстырып, еңсемізді түсірді. Бірақ, Алланың ісіне амал бар ма?! Халқымызда "Қайғыны бөліссең азаяды..." деген сөз бар. Сол үш бүлдіршініміздің анасы Жәмилә Сәдуова қарындасымызға Сырдария өзенінің сол жағалауындағы жаңа қаладан 2 бөлмелі пәтердің кілтін табыстағалы отырмыз»,-деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, жергілікті кәсіпкерлер мен қоғам белсенділерінің демеушілігімен 1600 астам аз қамтылған отбасыларға азық-түлік пакеттері таратылды. Қайырымдылық шарасы аясында қаржылық көмек көрсетуді қалаған жандар үшін «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті аумағында арнайы жәшік қойылды. Әрбір мекенжайға азық-түліктерді жеткізетін көліктер ұйымдастырылды.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

 Қызылорда облысы